Қазақстандағы СПИД орталығының мәліметтеріне қарағанда, ғасыр дерті аталып кеткен қатерлі ауруға шалдыққандардың 79 пайызы нашақорлар. Солардың бірі 31 жасар Саша есімді жігіт жазылмас дертке шалдығуының түп тамырында – нашақорлық жатқандығын жақсы біледі:
-
Қазір бұлай айтуға болмаса да... шынымен нашақормын. СПИД-ке шалдығуыма да – есірткі себеп болғаны рас.
Бұған дейін нашақорлықтан арылуды армандап жүрген жас жігіт осыдан кейін салауатты өмірден мүлдем күдер үзеді. Сөйтіп, есірткі қолданып, қалауынша сауық-сайран құру – ақыры оның өмір салтына айналады.
-
Қазір біз шөп шегеміз, сыра ішіміз, не ұнайды, соны істейміз.
Сондықтан, СПИД-пен күрестің қазығы – есірткімен күрес болуы тиіс дейді Алматы қалалық ішкі істер басқарамасының баспасөз хатшысы Арман Жусанбай:
- Бізде СПИД проблемасы қозғалғалы 15-20 жылдың жүзі болды.
Бірақ сонда да келе жатыр. Шет елден келді, жұқты дейміз. Оның таралу ошағы – нашақорлық қой. Бір инені бірнеше адам пайланады. Содан бір-біріне жұғады.
Бұған қарсы күрестің бүгінгі күнге дейін әлсіз болып келуінің себебін ол былай түсіндіреді:
- Дәрігерлер соған қарсы әрекеттер істеп жатыр. Бірақ әлі де дәрменсіз шығар. Мүмкін бізде оларға қарсы препараттар, оларға қарсы кешенді бағдарлама, қаржы да жоқ шығар...
Алайда, Алматы қаласындағы СПИД орталығының өзінің аты-жөнін жариямалаған қызметкері бұл тарапта кедергілер жоқ. Қаржы да, бағдарламалалар да көп дейді:
- Қазіргі таңда бізде қыруар қаржы бөлінген шетелдік ұйымдар да, халықаралық ұйымдар да, қазақстандық мекемелер же жұмыс істейді.
Оның айтуынша, кілтипан СПИД-пен күрестің тиімді жүргізілмеуінде. Мәселен, нашақорлар үшін бір реттік иенелер таратылды. Бірақ олар көзделген жеріне жете ме дейді СПИД-пен күрес орталығының қызметкері:
- СПИД-пен ауыратындардың көпшілігі нашақорлар болғандықтан, бірақ реттік инелерді тарататын бағдарламалар болған. Бірақ өкінішке орай, Алматы қаласындағы емханаларда зейнеткерлікке шыққан кемпірлер мен шалдар отырады ине тарату үшін. Ал олар нашақорлармен не деп сөйлесуі мүмкін? Олардан иенелерді немесе мүшеқапты кім алады? Оларға кім келеді?
Әзірге нашақорлар мен СПИД-пен науқас жандар арасында жастар жеткілікті. Тіптен олардың саны жыл санап көбейіп барады дейді Алматы қаласында нөмірі 1-ші наркодиспансерлік орталықтың бас дәрігер орынбасары Күлімшаш Мырзаддинова.
-
Осыдан бір-екі жыл бұрын бізге ВИЧ-положительный келді десе көзіміз мынандай болатын. Қазір олар көбейді. Жасөспірімдер арасында кездестірген жоқпын. Бірақ 18-жастан асқандар арасында көп.
Қазастандағы СПИД орталығының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстандағы СПИД дертін жұқтырғандардың 54 пайызы 20-29 жас аралығындағы азаматтар.