Халықарлық білімі беру апталығының соңғы күні – қарашаның 20-сы мансап күні ретінде аталып, Қазақ-американ университетінде еңбек жәрмеңкесі өтті. Оған қатынасқан қазақстандық және халықаралық 18 жетекші компанияның өкілдері саханаға шығып, кезекпен өздерінің мекемелері жөнінде жиналғандарға неғұрлым жағымды ақпарат беріп, болашақ мамандарды өз қатарларына қосылуға шақырды.
Ірі компаниялардың мұндай ынта-жігерін түсінуге болады. Себебі, жәрмеңкеге келгендер арасында АҚШ елшілігінің арнайы бағдарламалары арқылы шет елде оқып, тәжірибе жинақтап қайтқан студенттер жеткілікті дейді сондай бағдарламалардың бірінің үйлестірушісі, Қазақ ұлттық университетінің студенті Анар Өмірзақова:
- Біздің түлектер шетелде оқып, онда үйренгендерін жаңа қызметтерінде жүзеге асырады. Сол себептен, оларға қызығушылық мол. Алайда, жәрмеңкеге жиналған жастардың барлығы жұмыс іздеушілер емес. Олардың кейбіреулер жәй қызық үшін келіпті. Мәселен, мына бір өзінің аты-жөінін айтпаған Қазақ-американ университетінің студенті өтіп жатқан шараның тиімділігіне сенбейді:
- Бұл көрер көзге ғана арналған жиын. Ал жұмысты шын мәнісінде таныс арқылы табуға болады. Немесе ақшасы барлар жақсы жұмысқа орналасады.
Бұл пікірді келесі бір студенттер тобы да қостайды:
-
Иә, мен де жұмысты тек тамыр-таныс арқылы іздеуге болады деп ойлаймын.
-
Мен де жұмысқа туыстарымның көмегімен орналасамын.
Десек те, осы университеттің келесі бір студенті Гауһар Қожалықова мансап жәрмеңкесі қарапайым отбасынан шыққан студенттердің ешқандай тамыр-таныссыз мәртебелі қызметке орналаса алуының шынайы жолы деп есептейді:
- Жәрмеңкелерде студенттер өздерінің қабілеттерін көресете алады. Менің ағам осындай жолмен компаниямен танысып, резюмесін өткізіп, әңгімелесуге барып жүріп қызметке орналасты. Қазір «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына істейді.
Оның пікірінше, осындай шаралар елдегі жұмыссыздар санын да қыстаруға септігін тигізер еді.
- Үйлерінде жұмыссыз жатқан азаматтар осындай жиындарға келсе, жұмыс тауып, елде жұмыссыздық азаяр ма еді...
Жәрмеңке кезінде сондай-ақ студенттердің жақсы жұмыс табуы үшін жоғары білімнен басқа қандай талаптарға жауап беруі керек, жұмыс берушімен қалай сөйлесіп, қалай резюме толытыру қажеттігі жайлы да ақпараттар берілді: Жалпы еңбек жәрмеңкесі жұмыс іздеушіге ғана жұмыс беруші үшін де қажет. Себебі, бұл тәсіл бүкіл әлемде қолданылады, онда неге бізге пайдаланбасқа дейді Банк Центр Кредиттің қызметкерлер жұмыс бөлімінің бас маманы Сәуле Қарпықова
- Тек бір кілтипан - студенттердің өздері мұндай жәрмеңкеге келуді қажет деп таба ма, олар мұндай шаралар жайынан қаншалықты хабардар? Жақсы кадрлер таңдауда да еңбек жәрмеңкелерін 100 пайызға тиімді деп айтуға болмайды. Бірақ көш жүре түзеледі.
Еңбек жәрмеңкесіне Қазақстанның және халықаралықаралық деңгейдегі 18 жетекші компанияның өкілдері қатынасып отыр дейді