Accessibility links

Халықаралық конференция Ираққа қолдау танытты


Египеттің Шарм Ел-Шейх қаласында бүгін Ирақ мәселелеріне арналған халықаралық конференцияның жұмысы аяқталмақ.

Жұмыс күнін ашқан Египет сыртқы істер министрі Ахмед Абул Ғейт Ирақта тұрақтылық орнату Палестина мәселесімен тығыз байланыс мәселе, Ирақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігі барша әлем болмасада бүкіл Таяу Шығыс аймағына әсер етеді деп сипаттады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан 30 қаңтарға белгіленген Ирақ сайлауы Ирақтың өтпелі кезеңі үшін өте маңызды деді. Египет, Иордания және Араб Лигасының делегациялары дүйсенбі күнгі ұсыныстарында сайлаушылардың толық ынтасы танылғанша Ирақ сайлауын кейінге қалтырған жөн деген еді.

Солтүстіктегі кейбір суннит топтары сайлауға келмейміз деп мәлімдеген болатын. Бірікке Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан және конференцияға қатысып отырған сыртқы істер министрлері Ирақ сайлауында халықтың кеңірек қатысуын қамтамасыз етуді сұрады. Египет сырқы істер министрі Ирақ басшылығы сайлауға қатысуға себептері бар барлық тараптардың мүмкіншілігін қамтылса жөн деді. Мұндай ұсынысты Сирия, Германия сыртқы істер министрлері, Еуропа Одағының үйлестірушісі де айтты. Иран сыртқы істер министрі көтерілісшілер мекендеріне АҚШ бастаған шабуылдар тоқтатылсын деді. Араб Лигасының төрағасы Ирақта оқ атуды тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG