Accessibility links

Украинадағы жағдай қазақстандық саяси күштерді бей-жай қалдырмауда


«Украинаның сайлау комиссиясының төрағасы Сергей Иванович Кивалов сайлаудағы дауыс берудің ресми нәтижелерін жариялағандығын» жеткізді «Азаттық» радиосына Украинаның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз-хатшысы Анатолий Чабан:

- Алайда, оппозиция сайлау бұрмалаушылықтармен өтті деп отыр. Бұл жағдайда не істеу керек? Барлығы заң шеңберінде өтуі тиіс. Тек қана сот, Жоғары сот қана заңсыздықтар болған-болмағаны жөнінде шешім қабылдай алады.

Украинаның оппозициясы ғана емес, қазақстандық бақылаушылар да заңсыздықтардың болғанын алға тартып отыр. Мәселен, Украинаның Харьков, Херсон, Чернигов облыстарындағы сайлауларға халықаралық бақылаушы ретінде қатысып, бейсенбі күні Қазақстанға оралған Дос Көшім сондай пікірде:

-

Бұл еуропалық бақылаушылар жүйесімен бірге жұмыс жасадық. Бұл қауымдастық сайлауға өз бағасын берді. Оның ішінде біздің де қорытындыларымыз да бар. Біз: «Соншалықты орын алған заңсыздықтарды ескере отырып, Украинадағы президенттік сайлауды әділ және демократиялы түрде өтті деуге болмайды», -дедік. Жалпы қазақстандықтардың Украинадағы жағдайға айтарлықтай ықылас танытып отырғандығын айтады Анатолий Чабан.

- Тек Қазақстандағы украин даиаспорасы ғана емес, басқа ұлт өкілдері де өздерінің алаңдаушылықтарын білдіріп, хабарласып, телефон шалып жатты. Біз оларды «қалай болғанда да президенттік сайлау Украиндағы демократияның қандай деңгейге дейін өскенін көрсетті», - деп жұбаттық. Жалпы Украинадағы жағдайды бақылау үшін сонда баруға тілек білдіргендер де көп болған. Алайда, олардың нақты санын айту қиын.

Ал Украинадағы сайлауды бақылаған қазақстандық 99 бақылаушы Қазақстанға орала бастаған тұста кейбір қазақстандық саяси оппозиция өкілдері мінген ұшақ Киевке бет алды. Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов партиялық әріптесі Ораз Жандосов екеуінің Украинаға шұғыл сапарының себебін - ресми түрде жеңіліс тапқан украиндық оппозиционер Виктор Ющенкоға қолдау көресту деп түсіндірді:

- «Сіз мықты болыңыз, сіз сондай болсаңыз, біз де соны үлгі тұтамыз»,- дейміз. Мақсатымыз – оппозиция бірге екенімізді білдіру.

Оның сөзіне қарағанда, оппозиционерлердің бұл сапарының тағы бір жанама себебі – «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы, экс-вице-премьер Ораз Жандосовтың Виктор Ющенкомен таныстығы:

-

Ораз Үкіметте жүргенде солк ездегі Украина премьер-министрі Ющенко Қазақстанда келген. Сол кезде танысып, бірге жұмыс жасаған. Содан бір-бірін біледі.

Қазақстандық оппозиционерлердің айтуынша, олардың Украинаға сапары тек Ющенко мырзамен кездесумен шектеледі.
XS
SM
MD
LG