Accessibility links

Қазақстандағы Freedom House ұйымы «Адам құқығын қолдау және оған оқыту» атты алғашқы жобаның тәмамдалғанын хабарлады


Біз Қазақстанда құқық қорғау саласындағы үкіметтік ұйымдармен байланыс орнатып, олардың біліктілігін жетілдіру мен потенциалдарын арттыру бойынша жұмыс жүргіздік дейді Freedom House ұйымының Қазақстандағы жобасының директоры Антонио Станго. - Сонымен бірге жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдармен, дәлірек айтқанда Әділет министрлігі, омбудсемен, өлім жазасын қадағалау бойынша комитетпен байланыс орнаттық. Бірқатар түрмелерді аралап, қортындылар жасадық. Соның нәтижесінде Қазақстандағы түрмедегі жағдайды жақсартуға үлес қоса алатын сияқтымыз.

Бұл ұйымының жоба шеңберінде өткізген ақтық семинарына қатынасқан «Әділ сөз» қорының қызметкері Ғалия Әженованың айтуынша, көп жағдайда азаматтардың өздері өз құқықтарын қорғаудың жолдарын біле бермейді. Сондықтан, оның пікірінше, адам құқығы тарапындағы талқылаулар қажет: - Үндемей отырмауымыз қажет. Бізге ешкім келіп, жағдайымызды жасамайды. Біз үндеу, талқылау, үйрену арқылы өз-өзімізді қорғай аламыз.

Freedom House ұйымы өткізетін семинарларға қатысып жүрген Каспий банкі заңгері Юлия Васильева бұл жиындар арқылы тек заңгер ғана емес, жекелеген жағдайда азамат ретінде қалай әрекет етудің жолдарын, заңдық тұрғыда қорғану тәсілдерін үйренуге болады.

Freedom House жобасы барысында бостандығы бойынша Қазақстанды еркін еле емес деп баға берген. сондай-ақ Қазақстандағы жалпы адам құқығы бойынша монитонинг өткізілді, оның қортыныдыларын жасау бойынша Нью-Йорктегі мекемеде арнайы мамандары айналасады дейді Антонио Станго. - Бұл ресми қортындылар бірнеше ай көлемінде жұртышылыққа жария болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ұйымының алдыңғы қорытындыларының бірінде Қазақстанға «еркін ел емес» деген баға берілген.
XS
SM
MD
LG