Accessibility links

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріндегі қоғамдық ұйымдар адам саудасымен күрес бойынша аймақтық желіс құруды жоспарлады


Қазақстан Орталық Азиядағы адам саудасында өткел ғана емес, көрші елдерден құлдар әкелінетін мемлекет болып есептелінеді. Мәселен, Қырғызстаннан жылына 5 мыңнан 700 мыңға жуық адам көрші елдерге, оның ішінде Ресей мен Қазақстанға табыс көзін іздеп кетеді, - дейді Қырғызстанның «Зорлық-зомбылықсыз әлем» қоғамдық қорының жетекшісі Салтанат Бараханова: - Біз Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, құлдыққа түсетіндерді жиі кездестіреміз. Олардың көпшілігі темекі плантацияларында жұмыс істейді.

Құлдыққа түскендердің нақты санын тап басып айту қиын. Себебі, олардың көпшілігі жария болмайды. Бірақ халықаралық көші-қон ұйымы 2000-шы жылы Қырғызстанның 4 жарым мың адамның құлдыққа сатылғандығын анықтаған. Олардың басым бөлігі – еңбегі қаналғандар дейді Салтанат Бараханова. - Иә, еңбек құлдары көп. Бұл еліміздегі әлеуметтік жағдайдың нашарлығымен, жұмыссыздықпен байланысты. Сонымен бірге бұл бағытта істеліп жатқан жұмыстар да бар.

Тәжікстанның Азаматтық қоғамды қолдау орталығының директоры Дильмур Атабаеваның айтуынша да, Қазақстанға жұмыс іздеп барып, сатылып кететіндер – еңбек мигранттары. - Себебі, екі ел арасында визалық тәртіптің болмауы олардың Қазақстанға баруын жеңілдетеді. Құлдыққа түсетіндердің көпшілігі - ауылшаруашылығы саласында, оның ішінде темекі мен мақта өсіруге жегілетін мигранттар.

Айтқандай-ақ, Тәжікстан азаматтарымен үлкен проблемалар бар дейді Солтүстік Қазақстан облысы орталығы Петропавловск қаласында орналасқан әйелдерге қолдау көрсету орталығының директоры Алина Орлова: - Заңсыз жолмен келетін тәжік мигранттары Петропавловскіде арнайы базарлар мен жабық аулаларда сатылады. Еңбектері аяусыз қаналып, олар айына 2 мың теңгемен, күніне бір шыны аяқ сорпа үшін жұмыс істейді дейді Алина Орлова.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға ішкі құлдық та тән. - Ондай жағдайға түсетіндер - негізінен ауылдық жерлерден үлкен қалаларға, дәлірек айтқанда, Астана мен Алматыға, облыс орталықтарына жұмыс іздеп келетіндер.

Сондай-ақ құлдардың бір бөлігі сыртқа шығарылады. - Мәселен, егер олар Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Араб имираттарына жиі әкетілсе, Солтүстік Қазақстан облысында батыс еуропа елдері, Италия, Испания, Португалия, Греция, Голландия, Изарильге апарылады.

Құлдыққа түсу қаупі бар айрықша топқа Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Бақытгүл Кажкенова балаларды жатқызады: - Сондықтан, олармен, әсіресе қорғансыз балалармен ерекше жұмыс істеу керек.

Алайда, сарапшы Алина Орлова құлдыққа түсетіндер туралы арнайы заң қабылданбай тұрған кезеңде Қазақстанда кез-келген азаматтың абайсызда құлдыққа тап болуы қаупі бар дейді.
XS
SM
MD
LG