Шығыста орналасқан Донецк облысы кеңесінің депутаттары сәрсенбі күні қаулы шығарып, федарация қатынасын орнатуды сұраумыз мүмкін, облысқа автономия талап етуіміз мүмкін деді. Жергілікті кеңес мәселені төтенше мәжілісінде қараған болатын. Облыстық кеңес төрағасы Борис Колесников референдум ұсынып отырмыз, егжей-тегжейлі тұстарын әлі шеше жатармыз, бірақ бұл сепаратистік пиғыл емес деп сипаттады, шешімді жариялай отырып:
- Облыстық кеңес 2005-шы жылдың 9-шы қаңтарында облыстық кеңесу референдумын өткізуді ұйғарады. Онда Донецк облысына федерация құрамында, Украинаның жер тұтастығының шеңберінде өзін-өзі басқаратын аймақ мәртебесіне қол жеткізу үшін Украина конституциясына өзгеріс еңгізу мүкіншілігі қарастырылады.
Облыстық кеңес төрағасы Борис Колесников референдум ұсынысы сепаратистік пиғыл емес деседе, Донецк облысының басшылары одан үш күн бұрын айтқан сөздерінде оданда қатаң шараларды ұсынған, автономия жариялайық, тіпті Украинадан бөлініп шығайық деген. 21 қарашадағы даулы сайлаудан кейін жүлдегер деп жарияланған бас министр Виктор Янукович осы өңірдің тумасы, аймақты басқарған. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері Янукович әсіресе орыстілді аймақтарда көбірек дауыс алғанын көрсетеді. Керісінше батыс аймақтардың сайлаушылары, Украина ұлтшылдығының ордасы боп табылатын аймақтардың тұрғындары оппозиция басшысы Виктор Ющенконы қолдаған.
Ал автономия ұрандарын тек Донецк облысының басшылары айтып отырған жоқ. Жексенбі күні Луганск облысының Северодонецк қаласында 15 шығыс және оңтүстік аймақтың басшылары жиналып, оппозиция билікті конституцияға қайшы жолдармен алмақ, өз-өзімізді қорғайтын шараларға жүгінеміз деп дауыс көтерді. Кейбір сарапшылар мұны қызметінен кетіп бара жатқан президент Леонид Кучма айтқызып отыр, сосын ол ел тұтастығын қамтушы боп шыға келеді дейді. Киевте орналасқан Украина Тәуелсіз саяси зерттеу орталығының сарапшысы Юлия Тишченко Кучма шығыс аймақтары басшыларының соңғы мәлімдемелерін сынасада, сол әкімдердің ауыздарын өзі жыбырлатып тұр дейді:
- Бұл президент әкімшілігі басшысының мақұлдауынсыз, тіпті президенттің өзінің келісімінсіз мүмкін болмас еді деп білемін. Неге? Себебі бұл аймақтардың басшылары президент тобындағы адамдар және олар президентке тікелей бағынады. Жағдайды күрт өзгертуге президент еш бір қимыл жасамай отырғандықтан бұдан мынандай қортынды жасауға болады – иә президент жағдайды бақылай алмайды, иә ол жағдайға өзі жол ашты.
Северодонецк қаласындағы жексенбілік жиынға Мәскеу қаласының әкімі Юрий Лужков қатысты. Ресей бас министр Виктор Януковичты ашық қолдап отыр. Лужковтың бұл жиынға қатысуы Украина шығысындағы автономиялық талаптардың артында Ресей тұруы мүмкін деген жорамалдарды көбейте түсті.