Венада орналасқан Халықаралық Хельсинки Федерациясы 2004 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болған 38 елдің адам құқықтары мәселесін зерттеп, өзінің баяндамасын жариялады. Хельсинки федерециясының басшысы Аарон Родес:
- Зерттеп шыққан елдердің кейбірі әлемдегі ең демократиялық және дамыған елдер, ал кейбірі репрессивтік елдер болғандықтан – олардың адам құқықтары жағдайын бір жалпылау сипаттау қиын. Дегенмен, әсіресе кейбір аймақтарда аталған мәселеде онша алға жылжу болмады деуге болады,” деп атап көрсетті Аарон Родес.
Хельсинки федерациясы шолу жасаған 38 мемлекеті Еуропа, Қапқаз, Орталық Азия және Солтүстік Америка аймақтарында орналасқан. Олардың 24-і – бұрынғы социалисттік елдер болса, ал 13-і болса демокаратиясы дамыған батыс елдері екен. Оның ішінде Түркия да бар.
Хельсинки федерациясының айтуынша, шолу жасалған 38- елдің 60-пайызынан көбінде сот жүйесі халықаралық талаптарға жауап бермейді. Сонымен қатар, жемқорлық мәселесі, сот жүйесіндегі мамандардың білім деңгейі алаңдаушылық туғызуда. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Македония, Сербия, Тәжікстан, Түрменістан және Өзбекстан елдері аталған мәселелерге орай жағдайды жақсарту үшін көп жұмыс істеу керек болады делінген ұйымның баяндамасында. Родестің айтуынша, зерттеп шыққан елдердің 80-пайызында полиция қызметкерлерінің зұлымдық жасағандары байқалған. Бұл елдердің кейбір түрмелерінде адамдарды қинау сияқты оқиға орын алған, дейді Родес.
Аталмыш құжатта зерттелген елдердің 60-пайызында босқындар мен мигрантардың да хұқықтары бұзылған делінген.
Баяндамаға сәйкес, ланкестікке қарсы шаралар өткізілген кезінде Ұлыбритания, Чешенстан, Америка Құрама Штаттары және Өзбекстан сияқты елдерде адамдардың негізгі құқықтары аяққа тапталған. Родестің айтуынша, Хельсинки федерециясының баяндамасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын сынап жатыр деп қаралмауы керек. Бұл - аталмыш топтың мүшелері өздерінің адам құқықтарына байланысты міндеттемелерін ұстанып жатқанын білдіреді, деді Родес.
Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Урдур Гуннарсдоттир Родестің пікірімен келіседі:
- Хельсинки Федерациясының көтерген мәселелерін біздің ұйымымыз да талай рет айтып келеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүше-елдері әділ және еркін сайлаулар өткізуге, адам құқықтары, сонымен қатар басқа да жағдайлардың жақсартуына өздері жауапты, - деді Гуннарсдоттир.