Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіндегі дау одан әрі жалғасып жатыр. Шілденің 15 күні мектеп ұстаздары, ата-аналар және мектеп оқушылары бірігіп, арнайы жиналыс өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жиналысты ұйымдастырушылар басқосу соңында Қазақстан үкіметі мен парламентіне хат жолдайтынын айтты. Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің ұстазы, профессор Түркістан Өзбековтың айтуынша, мұндай мектептерді кәсіби деңгейі жоғары мамандар басқаруы тиіс.
- Мектепте жұмыс жасайтын мамандардың білімі өте жоғары болу керек. Осының арқасында балалардың да білім деңгейі жоғары болады, олар өз білімінің сапасын түрлі байқауларды көрсете алады. Бірақ, мұның барлығын іске асыру үшін мектептің директоры жақсы маман болуы қажет. Сонда жасалған жұмыстың нәтижесі өте жоғары болады, - дейді Түркістан Өзбеков.
Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіндегі даудың шығуына, осы мектепке жаңа директор тағайындау туралы республика білім және ғылым министрлігінің шешімі шығуы түрткі болды. Соңғы 5 жыл бойы бұл республикалық мектепті Маржан Мамашева басқарып келген еді. Ал, биылғы шілде айының 1-күні директормен жасалған келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, білім және ғылым министрлігі келісім-шартты одан әрі созбай, мектепке жаңа директор тағайындау жөнінде шешім қабылдаған. Ол шешімге келіспеген мектеп ұжымы содан бері екі аптаның ішінде бірнеше рет жиналып, наразылық білдірді. Ал бұрынғы директор Маржан Мамашева болса директор тағайындау ісі заңға сәйкес өтпеді деп, министрліктің үстінен сотқа шағымданған.
Ал, министрлік Ахмет Жұбанов атындағы мектепке директор болады деп тағайындаған азамат, мектеп ұжымы көрсеткен наразылықтан кейін бұл қызметтен бас тартқан болатын. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі шілденің 12-күні Ахмет Жұбанов атындағы мектеп директорының қызметіне жаңа басшысы етіп жіберген Бекзада Мұқанованы да ата-аналар комитетінің өкілдері мен мектеп ұстаздары кәсіби деңгейі сай емес деп, қабылдамай отыр. Ата-аналар комитетінің жетекшісі Гүлбахрам Дәрібаева, үкімет мектеп ұжымы және ата-аналар тілегімен санасуы керек дейді.
- Бүгін біз қандай директор келетінін білдік. Ол кісі бұрын тәрбиеші болып жұмыс істеген. Біздің қойған сұрағымызға - бір музыкалық аспапты екінші аспаптан айыра алмай қиналды. Ол болашақта жұмыс жасай келе, барлығын ретке келтіремін дегенді айтады. Ал біз - ата-аналар, бұрынғы директорды орнынан босатып, белгісіз біреуді әкелгеніне наразы болып отырмыз, - дейді Гүлбахрам Дәрібаева.
Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінің ұстаздары мектепке директор болып жаңадан тағайындалғанымен, оған жетекшілік ете алмайды деп санап отырған Бекзада Мұқанова болса өзінің бұл ұжымды басқаруға қабілеті жететініне сенімді.
- Мен бұл мектеп ұжымы жақсы екенін білемін. Олардың өте білімді, білікті азаматтар екені туралы да хабардармын. Маған директор қызметін ұсынды, мен жұмыс жасай аламын деп келіп отырмын. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, ұжыммен тіл табысып жұмыс жасаймын деп ойлаймын, - дейді жаңа директор.
Бірақ, білім және ғылым министрлігінің шешіміне наразы болған ұстаздар мен ата-аналар бұрынғы директор Маржан Мамашеваны қайтаруға бар күшін салып жатыр. Ал, министрліктің орта білім департаментінің директоры Светлана Исбусинованың пікірінше, Ахмет Жұбанов атындағы мектеп төңірегінде қалыптасып отырған мәселе заң негізінде шешілуі керек.
- Мектептің бұрынғы директоры сотқа шағымданды ғой, енді бар мәселен сот шешсін, біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз ғой, сол себептен барлығы заң негізінде шешулі керек. Бұл оқиғаға оқушылар мен ата-аналардың дым қатысы жоқ, - дейді білім және ғылым министрлігінің өкілі.
Бұл мәселе бойынша білім және ғылым министрлігіне сөзін өткізе алмаған мектеп ұстаздары мен оқушылар ата-аналарының бір тобы енді өз арыз-өтініштерін үкімет жетекшісі Даниал Ахметовтың атына жолдауға ұйғарды.