Accessibility links

Ирақ жаңа конституциясының жобасын дайындау комитеті дағдарысқа тап болды


Сейсенбі күні Ирақ жаңа конституциясының жобасын дайындау комитетінің екі сұннит мүшесін және тағы бір сұннит саясаткерін белгісіз біреулер өлтіріп кетті. Бұл үш азамат Бағдадта рестораннан шығып келе жатқанда оққа ұшты. Конституция жобасын дайындау комитеті шілде айында ұлғайтылып, оған сұннит азшылық тобынан көбірек адам қатыстырылған болатын. Ал дәл осы шабуылдың алдында Ирақ президенті Жалал Талабани конституция жобасын 15-шы тамыздағы соңғы мерзімге жеткізбей дайындауға болады деп айтқан екен.

БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан қылмысқа сөгіс айтты. Кофи Аннан сейсенбі күнгі қастандық жоба комитетінің қызметіне нұқсан келтіре қоймас деп үміт айтты. Дегенмен, төрт сұннит қайраткері жоба комитетінен шығып кетті. Марқұмдардың жерлеуінен соң, сәрсенбі күні, жоба комитеті төрағасының орынбасары Аднан Әл-Жанаби жағдайды былай сипаттайды:

- Берекесіздік орын алып отырған соң, жағдай осылай болып тұрғандықтан комитет мүшелері бауырлары мен оның әріптестері шәйіт болған соң жоба комитетіндегі қызметтерін тоқтата тұруды жөн көрді.

Жоба комитетінде 70 орын болса, оның ішіндегі барлық 13 сұннит қайраткер қызметімізді тоқтатуымыз мүмкін дейді. Комитет мүшелері Шейх Мижбал Әл-Шейх Исса және Тхамин Хұссейн Әл-Убейдилерге қарсы жасалған қастандық үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Ирақ шииттерінің ең үлкен басшысы - ұлы аятолла Әли Систани дүйсенбі күнгі сөзінде Ирақ халқына "зұлмат соғысы" қауіп төндіріп тұр деп айтқан болатын. Сейсенбі күнгі шабуыл Ирақта азшылық топ болып табылатын сұннитерді саяси құбылыстардан алыстату мақсатында жасалып отырса керек. "Халықаралық дадағдарыс тобы" деген ұйымның Таяу Шығыс жобасының директоры Джууст Хильтерманн бұған күмән келтірмейді:

- Саяси құбылысқа қосылғымыз келеді деп айтқан кез-келген араб сұнниттері қауіпке тап болады деп бұрында айтылған. Сейсенбі күнгі оқиғаны сол үрейді арттыруға бағытталған шара деп ойламын. Мұны саяси өтпелі кезеңге қарсылық білдіріп отырғандар, оны тығырыққа тірегісі келгендер жасаса керек. Мұны саяси келісімге көнбей отырған көтерілісшілер тарабы жасады. Қаза болған Мижбал Шейх Исса – Ұлттық келісім кеңесінің мүшесі, ол саяси құбылысқа қосылғандардың бірі. Оның шиит пен күрдтердің арасында саяси тараптармен араздығы көп болды, бірақ ол ең аз дегенде өз-ара сөйлесу жолына берік болды.

Ирақ Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хәжім Әл-Хассани жоба комитетінің сұннит мүшелеріне жасалған қастандықты Ирақ мұсылмандарының арасында жанжал туғызу әрекеті деп қабылдады. Террористер Ирақ азаматтарының арасына, Ирақ ұлттарының арасына іріткі салғысы келеді, - дейді Хәжім Әл-Хассани. Қаза болғандардың бірі - Шейх Мижбал Әл-Шейх Исса ажалынан бір күні бұрын "Азат Ирақ" радиосына сұхбат беріп, ел сайлау жүйесін дамыту ойларын айтқан екен:

- Көбірек сайлау аймақтарының кеңінен ұсынылғандарын қалаймын. Сонда жалғыз Бағдадта емес, әр аймақта екі сайлау аймағынан құрылады. Бұған халықтың әр түрлі топтарының арасында болған кейбір демографиялық не болмаса әлеуметтік өзгерістер септігін тигізіп отыр.

Ирақ конституциясының жобасын дайындау комитетінде 15 сұннит болса – олардың екуі міне өлтірілді. Сұннитер Саддам Хұсейннің кезінде билікке жақындау болған, шииттердің саны көп болса да олар сол кезде шеттетіліп жүрген. Енді міне жаңа жолға түскен Ирақта әлдекімдер сұннитер мен шиитерді шағыстыру үстінде.
XS
SM
MD
LG