Сот дауына, осы қос партияның биылғы наурыздың 25-інде Астанада өткізген баспасөз-маслихатында айтылған мәлімдеме тұрткі болған еді. Онда Азаматтық және Аграрлық партиялардың бірлескен блогы атынан сөйлегендер, соның алдында ғана көршілес Қырғызстанда орын алған саяси оқиғаларға орай, халықты сыртқы күштерден қорғау үшін Халықтық-демократиялық майдан құру туралы бастама көтерген-тұғын. Асылбек Қожахметов өз талап-арызында «баспасөз-мәслихатында оппозицияға тікелей қатер төндіретін пікір айтылды - қолға қару алып, оппозицияны тұншықтыру туралы сөздер бар» деп көрсеткен. Алайда, шілденің 29-күні Астана қаласындағы Сарыарқа сотында Аграрлық партия өкілдері сол жолы айтқан өз сөздерінен бас тартты дейді Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ:
«Оппозицию душить в зародыше» дегенді біз айтқан жоқпыз. Оны журналистер өздері келтіріп отыр», - дейді. Біз оларға оншақты газетті көрсеттік».
Шындығында, «екі партияның жетекшілері қару алып, оппозицияны өлтіру туралы сөз айтқан жоқ» дейді Аграрлық және Азаматтық партия атынан Парламентке сайланған депутат Михаил ТРОШИХИН:
«Олар Бішкектегі сияқты бейберектесіздіктер бола қалса, қолға қару алып, Конституциялық құрылысты сақтау үшін күресуге шақырды. Егер қайдағы бір қарақшылар дүкендерді тонап, адамдарды өлтіріп жатса, солай жасау - тіптен республикамыздың әр азаматының қасиетті парызы деп ойлаймын».
Сондықтан, мұндай игі бастаманы экстремизмге жатқызудың еш мәнісі жоқ деп есептейді парламент депутаты:
«Экстремизм дегенміз - саяси, діни нанымды пайдалана отырып, билікті қарулы күшпен құлату. Меніңше, Аграрлық партия жетекшісі Ромин Мадинов те, Азаматтық партия басшысы Азат Перуашев те ондай сөздерді айтқан жоқ сияқты».
Асылбек Қожахметовтің өз сөзіне қарағанда да, прокурор да партия жетекшілерінің мәлімдемелерінен экстремистік сарынды байқамаған:
«Ешқандай іс болған жоқ, тек сөз ғана айтылды, экстремизм болуы үшін істер болуы керек. Ал іс болмағаннан кейін талаптың қабылдануы қажет емес деп, прокурор қазір айтып жатыр».
Алайда, сот шешімімен жабылып қалған оппозициялық «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы бұрынғы басшыларының бірі Бақытлы ТҮМЕНОВА ол партияның да ешқандай экстремистік іс-әрекеттері болған емес. Соған қарамастан, партияны сондай айыппен сот оңай жапқан еді деген уәж келтіреді:
«Сот оларды ешқандай экстремистік іс жасаған жоқ деп тауып отыр. Ал біз қандай экстремистік іс жасадық?! Біз де ешқандай іс жасаған жоқпыз. Мұның барлығында саясат жатыр. Бізді мемарандум қабылдағанымыз үшін прокурор ештеңеге қарамай, сот арқылы аз ғана уақытта жапқызып тастады емес пе?!»
Ал Азаматтық партия төрағасы Азат ПЕРУАШЕВ болса, өзінің және Азаматтық партия тарапынан баспасөз мәслихатында артық сөз айтылмағандығын алға тартады. Сол себептен, жұма күні Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының азамат А.Қожахметовтің талап арызын қанағатандырамай тастауын заңды дейді: «Сот шешімін әділетті деп есептеймін. Онда айтылған сөздер – Аграрлық партия өкілдерінің жеке пікірлері. Ал Азаматтық партияның оған ешқандай қатысы жоқ!»
Арыз иесі А.Қожахметов Бостадық аудандық сотының мұндай шешім шығаратыны өзіне алдын-ала мәлім болғанын айтады. Енді соның ізімен Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты да дәл сондай шешім шығарады дейді Қожахметов:
«Себебі, қазірдің өзінде сот процесі объективті өтпей, менің мынандай бір ескертуім назардан тыс қалды: Аграрлық партия жетекшісі Ромин Мадинов – Астана қалалық сот төрағасының туған күйеу баласы. Ал аудандық сот төрағасы сайланбайды, оны қалалық сот төрағасы белгілейді. Сондықтан, екеуінің арасында байланыс бар деп отырмын».
Осы мәселе бойынша Аграрлы партия төрағасы, парламент депутаты Ромин МАДИНОВТАН түсіндірме беруін өтінгенімізде, ол әзірге ешқандай жауап бермейтіндігін айтты: - Сот шешімін шығарсын. Сосын біз сізге жауап береміз. Сұрақтарыңызды баспасөз қызметіне жолдаңыз.
Саясаткер Бақытлы Түменова Мадинов секілді депутаттардың мандатын қайтарып алу керек, себебі, олардың мәлімдемелері халықаралық жанжалға негіз болуы мүмкін деген пікір білдіреді:
«Ертең Қырғызстан айтуы мүмкін: Қазақстан бізде төңкеріс болды деп балағаттап жатыр, деп. Онда ешқандай төңкеріс болған емес. Бұл – кәдімгі халықтың ерік-жігерінен туған оқиға болды».
Арызданушы Асылбек Қожахметов болса, Қазақстандағы сот жүйесі әділетсіз деп санайды. Ол билікке жақын бұл екі партияға қарсы өзінің берген шағымдары қабылданбайтындығын о бастан-ақ білген едім дейді. Бірақ, бұл істі басқа мақсаттармен де қозғадық дейді:
«Біріншіден, мына партиялар өз айтқан сөздерін қайтып алуы керек дедім. Олар қайтып алды. Екіншіден, осындай мәселеге бей-жай қалмай, бүкіл Қазақстан болып баға беруіміз керек. Мақсатымызға біз жеттік».
Парламент депутаты Михаил Трошихин оппозиционер өзіне осындай жолмен жарнама жасап отыр дейді: «Қожахметов өз-өзіне PR жасауға жақсы сылтау тауыпты!»
Аграрлық партия мен Асылбек Қожахметов арасындағы дауға қатысты Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотының кесімді шешім қабылдауы алдағы тамыз айына қалды.