«Жас Алаш» басылымы мұхиттың аржағындағы сұрапыл дауылдың Қазақстан экономикасына да әсері барын жазыпты. Газет, халықаралық мұнай биржаларында мұнай бағасы шарықтап өсіп, баррелі 70 долларға жеткенін кейбір сарапшылар, АҚШ-тың бірқатар штаттарын шарпып өткен «Катрина» дауылының кесірінен қымбаттаған деп айтып отырғанын келтірген. Олар тіпті мұнай құнының алдағы уақыта да өсіп, 100 долларға дейін жетуі мүмкін дегенді жоққа шығармайды екен. Қазақстан стратегиялық зертеулер институтының маманы Мәулен Намазбеков, мұнай бағасының бұлқынуы Қазақстандағы жанар-жағармай нарығына да әсер ететінін айтыпты. «Осы жылдың аяғына дейін жанар-жағармай 10 пайызға өсуі ықтимал, яғни инфляция да қарап жатпайды деген сөз», - дейді ол. «Жас Алаш» газеті осыдан азғана уақыт бұрын Алматыда Аи-92 және Аи-93 маркілі жанармай бағасы 56-58 теңге болса, қазірде оның бағасы 63-65 теңге болып, қымбаттап кеткенін жазып, оған не себеп болды деген сауал қойыпты. «Егер Қазақстан тұтынатын мұнайын шетелден импорттап жүрген ел болса, түсінуге болады... Қазақ мұнайының тізгінін қолында ұстап отырған шетелдік компаниялар «қара алтынды» ішкі нарыққа сатқанан гөрі, мұнай ошағы 70 «градусты» көрсетіп тұрған сырт елдерге апарғанды жөн көреді. Ал біздің тұтынушылар жанар-жағармай жетіспеушілігін сезінбек үшін сол халықаралық мұнай конъюктурасына жіпсіз байланады. Жер шарының бір жағында «Катрина» сияқты тағы бір дауыл тұрса, біздің көліктеріміздің «аяғы тұсалып» қалуы да бек мүмкін» деп жазады «Жас Алаш» басылымы.
«Егемен Қазақстан» газеті АҚШ-ты Тынық мұхиты жақтан келетін түрлі дауылдар жиі мазалайтынын, алайда бұл жолғы «Катрина» дауылы АҚШ-тың Миссисипи, Алабама мен Луизиана штаттарына жойқын әкелгенін жазыпты. «Қолда бар мәліметтерге қарағанда, 1000-ға жуық адам қаза тауып, Жаңа Орлеан қаласы толық қираған. Келген шығын миллиардтаған доллармен есептеледі. Дәл осындай алапат АҚШ тарихында болып көрмепті. Апат аймағына Ақ үй басшысы Дж.Буштың өзі келді» деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы.
Ал «Экспресс К» газеті Нью Орлеан қаласында сұрапыл дауылдан кейінгі көріністі суреттейтін мақаланы «Нью Йорк таймс» газетінен көшіріп басыпты. Онда дауылдан кейін қалада қалған ондаған мың адам 3-4 күн бойы азық-түлік пен көмекке мұқтаж боп қалғанын, қалада антисанитарлық жағдай қалыптасқанын жазыпты. Қала мэрі Рэй Нагин құрбан болғандар саны бірнеше мың адам болуы мүмкін екенін мәлімдеген, алайда шенеуніктер олардың нақты санын анықтау әзірге мүмкін болмай отырғанын айтыпты. Сондай-ақ, мақалада дауыл салдарын жоюға Ақ үй Конгрестен 10,5 млрд доллар қаржы сұрағаны жазылыпты.
Ал «Айқын» газеті болса, табиғаттың тағы бір жойқын күші Жапонияның Окинава аралына жақындап келе жатқанын хабарлапты. Газеттің жазуынша, ауа-райын бақылаутын жапон мамандары Тынық мұхиты жақтан келе жатқан қуатты тайфун жапон жағалауына қыркүйектің 5-күні жетуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Тайфунның өзегіндегі желдің жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жететін көрінеді. Әзірге сарапшылар «Наби» деп аталатын бұл тайфун АҚШ-ты әбігерге салып қойған «Катрина» дауылындай шығын келтіре қоймайды» деп пайымдап отыр. Ал «Катрина» дауылының өзегіндегі желдің жылдамдығы сағатына 225 шақырымға жеткен. Ал, «мамандар «Наби» тайфунының жылдамдығы ол жағалауға жеткенше бәсеңдеуі де мүмкін екенін айтуда» деп жазады «Айқын» газеті.