Дүйсенбі күні ғана Солтүстік Корея өкілдері мәлім қылған тың келісім алтыжақ келіссөздерді бастап отырған АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея елшілеріне үлкен қанағат әкелген еді. АҚШ бас елшісі Кристофер Хилл Солтүстік Корея жеріне барып, ядролық қаруды іздеу ойымыз жоқ, өз ара келісім арқылы бақылау жұмыстарын тезірек бастасақ, ядролық қару тезірек залалсыздандырылса жөн деген еді. Алайда келесі күні ақ, сейсенбіде Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі бізге алдымен бейбіт мақсаттағы ядролық реакторлар берілсін, ядролық қару бағдарламасын содан кейін ғана тоқтамыз деді. АҚШ және Жапония Солтүстік Кореяның жаңа мәлімдемесін орынсыз деп қабылдады. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Қин Ганг барлық алты тарапты өз міндетемелерін орындауға шақырды:
«Алтыжақ келіссөздерді алға жылжыту қамымен бір бірімізге сыйластық танытып отыра аламыз деген нақты үміттеміз. Қараша айының басында келіскеніміздей, алтыжақ келіссөздердің келесі кезеңі өтуге тиіс, оны ойластырып отырмыз. Келісім тәртібі өзгеріп кетті деп ойламаймын».
Дүйсенбі күні жасалған келісім бойынша Солтүстік Кореяға қауіпсіздік кепілдемесі беріледі, мұнай, электрэнергиясы беріледі, көмек көрсетеледі және ядролық энергетиканы өндіруге рұқсат беріледі. Солтүстік Кореяға болашақта жеңіл суға негізделген реактор беріледі, бірақ алдымен бұл ел ядролық қару бағдарламасын толық тоқтату керек, ядролық қаруды таратпау жөнінде халықаралық келісімге қайта қосылу керек. Солтүстік Корея бір күннен кейін болса келісілген сөзден айнып, алдымен ядролық реактор, сосын ядролық қару деп шыға келді. АҚШ-тың Оңтүстік Корея мен Қытайдағы бұрынғы елшісі Джеймс Лиллей Солтүстік Кореяның мақсаты – АҚШ-ты қолдаған елдердің арасына шоқ салуы мүмкін дейді:
«Бес мемлекет бірігіп, көп нәрсені алға сүйреді. Бұл Солтүстік Кореяның басына төнген жан-түршігерлік жағдай іспеттес. Әйтпесе Солтүстік Корея бес мемлекеттің арасына араздық салмақ болды. Олар Америка Құрама Штаттарын оқшаландырмақ болды. Олар пара беруге әрекет жасады, оларға соны жасамақ болды. Бұдан да түк шықпаған соң олар басқа стратегияға жүгінді. Бұдан соң олар тағы не ойлап шығаратынын көру қызық болады әлі».
Токиода орналасқан "Уаседа" университетінің профессоры Тошимицу Шигемура Солтүстік Кореяның жаңа мәлімдемесі өз халқына жағдайды басқаша, өз пайдасыны бұрып жеткізу әрекеті де болуы мүмкін дейді. Жапониялық сарапшының ойынша, Солтүстік Корея ядролық қару бағдарламасын тоқтатуға ниет танытпас:
«Солтүстік Кореяның ядролық қаруын тастайын деген ниеті жоқ. Себебі экономика жағынан олар банкротқа айналған, әскери жағынан олар өте әлсіз. Сондықтан олар нақты жағдайларына қарамастан әлде қайда көп пайда ұтып алғысы келеді. Ядролық қаруларын тастаса оларға ешкім назар аудармайтынын олыр жақсы біледі».
Оңтүстік Корея болса жаңаша жағдайда Солтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының арасында көпір салуға дайынбыз, екі тарап келісім жайында бірін бірі толық түсінбей отырса керек дейді.