Ауған әйелдері соңғы кездегі тіркелген барлық ауғандық сайлаушының 44 пайызын құрап отыр. Олардың қаншасы жексенбі күнгі сайлауда парламенттің төменгі палатасы 34 провинциялық кеңес үшін дауыс беруге келгені әлі анық болмай отыр. Елдің шығысындағы Жалалабад қаласынан сайлауға түскен үміткер әйел Сафия Садиқи сайлауға кедергі келтіру үшін өзіне жасалған қастандықтан аман қалды, хабарларға қарағанда бұл жерге ерлерден гөрі әйелдер көбірек келіп дауыс берген. Сол сияқты Нангағар мен Қандағар провинцияларында әйел сайлаушылар арасында ереуіл болған. Қандағардың мына бір әйелі 30 жылдан көп уақыттан кейін бірінші рет демократиялық жағдайдағы парламент сайлауына қатысқанына шаттанып тұрғанын айтқан:
«Бұл аса үлкен оқиға, біз өте бақыттымыз. Мен біздің провинцияның әйелдері өте көреген әрі саналы деп айта аламын. Олар біледі кімге дауыс беру керектігін».
Ауғандық әйелдердің сайлаудағы ролі дауыс беруден де ұлғайды десе болады. Өткен қараша айындағы елдегі президенттік сайлауға әйел кандидат Масуда Лалал түскен болатын.
Парламенттің төменгі палатасы Уолеси Жырғадағы 249 орынның төрттен бір бөлігі әйел депутаттарға беріледі. Сол сияқты, провинциялық кеңестер де әйелдерге квота беріп отыр. Жексенбі күнгі парламент сайлауына қаржылық қиындықтар мен шабуыл жасалу қаупін жеңген 320 үміткер әйел депутаттыққа түскен болатын.
Бұл Ауғаныстандағы әйелдердің құқықтары жүйелі түрде өзгергені елдегі басты жетістік дейді сарапшылар. Көп жылдан бері әйел азаматтар университетте ер профессорлар дәріс беретіндіктен оқуға бара алмай, далаға ерлерінсіз шыға алмайтын болған. Әлі де біраз аймақтарда кейбір әйелдер дауыс беруге жанұясындағы ер адам ертіп жүрсе ғана барған. Талибан жасақтары әйелдердің дауыс беруге баруына кедергі жасау мақсатында сайлаудың шырқын бұзатындықтарын айтқан еді.
Қандағардағы дауыс беруге келген тағы бір Некмарда деген келіншек әйелдердің сайлауға қатысуы ерлер сияқты мүмкіндігі мол елдің маңызды бөлігі болғанына қуанып өзінің эмоциялық сезімдерін әрең ұстағанын айтады. Ол Азаттыққа берген сұхбатында, біз құстың бір қанатымыз, егер екі қанат бірдей қимылдамаса, құс ұша алмайды дейді.
«Бізді елемей келді. Моджахедтер мен талибандар бізді қалауымыздан айырып, талпынысымызды басып тастады. Бізге университетке баруға рұхсат берілмеді, тіпті мектепке немесе жұмысқа баруға да тыйым салынды. Бізді адам ретінде қарамайтын болды, бізді адамдыққа жарамсыз сияқты ұстады. Содан, бүгін бізге өз құқығымызды пайдалануға мүмкіндік берілді, біз сол мүмкіндіктен айрылмауымыз керек. Мен біз үшін, әйелдер үшін жұмыс істейтін адамға дауыс беремін», - дейді сайлауға қатысқан әйел азаматша.
Oсыған дейін елеусіз болып келген топ, Ауғаныстандағы Кушис көшпенділері парламент пен провинциялық кеңестердегі орындар үшін сайлауға түсу мүмкіндігіне ие болып отыр. Оларға парламенттің төменгі палатасынан 10 орын беріліп отыр.
Батыстағы Герат провинциясының көшпенді әйелі Азаттыққа берген сұхбатында, өздерінің әйел немесе ерлер болсын кімге болса да, дауыс беретіндіктерін айтып, тек Ауған көшпенділерінің өзекті деген кедейлік мәселелерін шешсе болды дейді. Алайда, олардың ішіндегі бір әйел өзінің ер кандидатқа даусын бергенін айтып, өйткені тек олардың проблемаларды шеше алатын билік-күші бар деген.
«Маған қараңыз, мен сондай кедеймін, соқырмын, аурумын, кәрімін, мен мұсылман ер адам үшін дауыс беремін. Біз қаладан алыс жерде тұрамыз, бізде су жоқ, малымыз жоқ, сүтіміз жоқ. Маған сенсеңіз, менде тіпті темекіге жететін азғантай да ақша жоқ».
Сайлау қорытындылары бірнеше аптадан кейін мәлім болады. Бірақ, проблеманы тек ер адамдар ғана шеше алады деген көзқарастарға қарамастан, көптеген әйел сайлаушылар, Ауғаныстандағы әйелдердің саяси ролі енді басталды деген оптимистік ойын білдіріп отыр. Олар басқа мұсылман елдерінде көптеген әйел саясаткерлер бар екенін айтып, тіпті Пәкістан мен Индонезия елдерінде әйелдер ел басқарады деп атап өткен.