Бір миллионнан аса адам АҚШ-тың оңтүстік шығысындағы жағалауларына жақындап қалған жоғары қауіптілігі бойынша 5-ші болып тіркелген «Рита» дауылынан сақтану үшін Техас пен Луизиана штатының тұрғындары басқа жерге көшіріліп жатыр, алапат құйынның жылдамдығы сағатына 280 шақырымға дейін жетіп, «Рита» дауылы сенбі күні Мексика шығанағы арқылы Техас жағалауларына келіп қалды деген болжам бар.
Осыған дейін «Катрина» дауылына қатысты қатты сынға ұшыраған Құрама штаттар басшылығы енді Техастағы үлкен қалалардан адамдарды көшіруге бұйрық беріп отыр. Эвакуация туралы жарлық сол сияқты Нью Орлеандықтар үшін де жасалып отыр, себебі бұл жердің кейбір тұрғындары Катрина дауылынан қираған Луизиана қаласына қайтадан орала бастаған. АҚШ президенті Джордж Буш, тұрғындарды жарлыққа мән меріп,мәселені байсалды қабылдауға шақырды.
«Мәжбүрлі эвакуациялар Нью Орлеан мен Гэлвестон үшін де жарияланды. Мен тұрғындарды мемлекеттік және жергілікті биліктің жүргізген нұсқауларын ыждахаттылықпен тыңдап, олардың айтқандарымен жүруге шақырамын».
Маямиде орналасқан американың Ұлттық харрикейн орталығы хабарлағандай, «Рита» дауылы күшейіп ең жоғарғы деп бағаланған 5 деңгейлі дауылдың 5-ші категориясына шықты. Бұл бес дауылдың тек үш категориясы ғана осыған дейін АҚШ материгіне танылған. Прага уақытымен сағат таңғы сегізде, «Рита» дауылының орталығы Мексика шығанағындағы Гэлвестонның Техас портынан 870 шақырымдай жерде болған. Сенбі күні таңертең «Рита» дауылы 120 шақырымдай жердегі Хьюстонның оңтүстік шығысындағы жағалауға жетпек. Аралдың жағалауындағы Галвэстон қаласы теңіз деңгейінен 2,5 метр биіктікте болған еді, бүгінде бұл жер түгелімен босаған. Галвэстон қаласынан Хьюстонға дейінгі жерде жаппай көлік қозғалысының тығыз болуынан жолдар жабылған. 1900 жылғы дауылдан 6000 адам қаза болғанда Галвэстон толығымен картадан өшірілген болатын. Ол Құрама штаттардағы ең жаман табиғат апаты болды. Қазірде «Катрина» дауылынан зардап шеккен босқындардың ең көбін қабылдаған Хьюстонның мэрі Билл Уайт, тұрғындарға қайрылып, эвакуацияға көмектесуге өтініш жасады.
«Онда аймақтағы әрбір адамды көшіруге мемлекеттің көлік тасымалы жетіспейді, біз бұл қауымдастықта бірінші кезектегі қорғау шараларында өз көршісінің қамын ойлаған азаматтарды қажет етеміз, өз ісіңізді атқарып әрі сыртқа шығып, белсенді түрде көмек қажет болғандарға қарасыңыз», - дейді Хьюстонның мэрі Билл Уайт.
Корпус Кристидегі ресми өкілдер де өздері көшетін басқа мүмкіндігі жоқ адамдар үшін 100 шақты автобусты дайындап жатыр.
Атлант мұхитының алапат дауылдарының ішінде, «Рита» 17-ші болып тұр. Дауылдардың маусымы осы төртінші жыл мезгілінің соңында яғни, ресми түрде 30-шы қарашада аяқталады.