Бішкектегі өз үйінің жанында денесіне атылған бірнеше оқтан Баяман Еркінбаев сәрсенбі күні кешкісін ауруханада көз жұмды.
Осыған дейін депутат Еркінбаев, өзіне бірінші рет болған қастандықтан аман қалған соң 28-ші сәуірде Азаттық радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында былай деген болатын.
«Мен толық жауапкершілікпен өзіме жасалған бұл қастандықтың саяси астары бар деп мәлімдеймін. Ол менің президенттікке түсу шешіміммен байланысты деп білемін», - деген екен депутат Еркінбаев өзіне 5 ай бұрын жасалған қастандықтан аман қалған кезінде.
Бірақ, ол қастандықтың жасалуына басқа да себептер болуы мүмкін екені айтылуда, өйткені, Еркінбаевтың Ош аймағындағы қылмыстық топтармен байланысы болды деген жорамал да бар. Еркінбаев Қырғызстанның олимпиадалық комитетін басқарған, республиканың оңтүстігіндегі қонақ үй мен сауда кешендерінің қожайыны болған. Маусым айында оның туған жері Ош аймағындағы Еркінбаевтың қонақ үйінің жанына жиналған ашулы наразылық танытушыларды тарату үшін күзетшілер аспанға оқ атқанда қақтығыс басталған. Ол наразылық акциясына шыққандардың көбі Қара су базарының саудагерлері болған.
Болжамдарға қарағанда, Еркінбаев Қара су базарының қаржылық мүдделерін қолдаған. Қырғызстан газеттерінің осыған дейін жазғанында, Еркінбаев көптеген кәсіпорындар мен базардағы заңсыз әрекеттерге қатысы бар деп сынға алынған.
Президент Бакиев Еркінбаевтың өліміне әкелген мәселе сыбайлас жемқорлықтың салдары болуы мүмкін деген ойын жеткізген.
«Біз әлі күнге коррупция жайлады деп айтып келеміз. Ол немене кеше болмаса оның алдыңғы күні қалыптасып отыр ма? Бұл бір жылдан ұзағырақ уақытта қалыптасқан және оны алты айдың ішінде тамырымен жою мүмкін емес екенін сіздер жақсы білесіздер».
Президент Бакиев Еркінбаевтың өліміне қатысты ішкі істер министріне жедел-іздестіру амалдарын егжей-тегжейлі жүргізуді тапсырып, олардың орындалу барысын қадағалауды бас прокурор міндетін атқарушы Басурманқұл Табалдиевке жүктеді. Бейсенбі күні өткен төтенше мәжілісте ел президенті былай деген:
«Біздің бәріміздің қатысымыз бар, бұл оқиғаға тікелей немесе жанамалай болса да. Бұл соңғы жылдардан келе жатқан кадрлық саясаттың салдары».
Қырғызстан президентінің айтуынша, елдегі қылмыстық істер мен құқық қорғау органдары бірігіп кеткен.
«Қылмыстық топтар мен заңды бақылау органдарының біріге әрекетке көшкені шындығында ешкімге жаңалық емес. Сіз бәріңіз де оны жақсы білесіздер. Осы отырған адамдар бұл туралы кімнің-кіммен қалай әрі қандай байланысы бар екенін жақсы біледі», - дейді Бакиев.
Осындай ашулы сөздерінен кейін Қырғызстан президенті ішкі істер министрін қызметінен алу мәселесін де айтты. Және Қырғызстан премьер-министрі Феликс Кулов, өзіне Еркінбаевтың 18-ші қыркүйек күні ғана келіп сөйлескенін айтады.
«Мен Баяман Еркінбаевпен жексенбі күні кездескенмін. Ол маған келгенде өте алаңдаулы болды. Ол өзін өлтіруге тырысып жүрген күдікті адам туралы айтып, егер мені өлтірген жағдайда сол адамның есімін жариялаңыз деп маған өтініш айтты. Және мен тергеу барысында оның атын айтатын болам», - дейді Кулов.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында тағы бір Жырғалбек Сурабалдиев деген депутатты да өлтіріп кеткен болатын. Оның да қылмыстық топтармен байланысы бар делінген еді. Қырғызстанның омбудсмені Турсынбек Бәкірұлы елде тапсырыспен адам өлтіру оқиғасы көбейіп бара жатқаны жайлы айтып, оның алдын алу үшін жағдайды бақылауда ұстау керектігін айтқан.