«Егемен Қазақстан» газеті Қазақстанда екінші рет өткізіліп отырған «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне келген бір топ киножұлдыздарының Астанаға да арнайы атбасын тірегенін жазыпты. Олардың арасында қазақстандық көрерменге сырттай жақсы таныс Голливуд жұлдыздары Жан Клод ван Дамм, Кэти Брэйтон, продюссерлер Майкл Мур, Марк Мануэль, грек кинорежиссері, Еуропа киноөнері академиясының президенті Тео Ангелопулос, француз продюсері Виктор Рамос, неміс актрисасы Франка Потенте, ресейлік киношеберлер Вадим Абдрашитов, Наталья Арынбасарова, Егор Кончаловский, Кира Муратова және басқаларын Астанадағы Ақордада Қазақстан президенті Н.Назарбаев қабылдағаны айтылған. Президент шетелдік қонақтарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жүргізіліп жатқан реформалар жайлы баяндай келе, елдегі мәдениет саласына да тоқталыпты. «Әрине, өтпелі кезеңде мәдениетке жеткілікті дәрежеде көңіл бөле алмадық, ал қазір оны өркендетуге мүмкіндік туып отыр. Сондықтан, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, мәдениетімізді көтеру, мұраларымызды жаңғырту бағытында жұмыс істеп келеміз. Ал кино өнері мәдениеттің аса маңызды бағыттарының бірі екені даусыз» деген президент Н.Назарбаев, Қазақстанның кино өнеріндегі жетістіктеріне тоқталып, биыл аяқталған «Көшпенділер» фильмін мақтан ететінін айтыпты.
Шетелдік киножұлдыздарының Астанаға сапары туралы «Айқын» газетінде жарияланған мақала «Голливуд жұлдыздары Қазақстанды «Әлем эпицентрі деп мойындайды» деген тақырыппен жарық көріпті. Газет тілшісі Айхан Шәріптің жазуынша, шетел киножұлдыздарының бірі Жан Клод ван Дамм бастаған бір топ голливудтық туындыгер қолға алып жатқан көпсериалды жобаға Қазақстанның да қатысты болмақ. Журналист бұл жайында Ван Даммның: «Осынау телесериал сипатындағы үлкен картина алдағы бір жылдың ішінде толық түсіріліп бітеді. Оның соңғы бөлігіне көркі көз тойдырар таулары, жазық даланы, сарқыраған өзендерді қойнына сыйдырған әдемі бір елдегі эпизодтар керек-тін, ал бұл рөлге Қазақстан ғажайып сай келеді! Демек, фильмнің қос қаһарманы ақыр соңында әлем эпицентрінде, яғни қазақ жерінде бетпе-бет кездеспек» деген сөзін келтіріпті. Сонымен бірге, қазақ жеріне өмірінде алғаш рет келіп отырған Ван Дамм Қазақстандағы алдағы президент сайлауы жайлы да өз пікірін білдіріпті. Журналист Айхан Шәріптің жазуынша, бұл туралы Жан Клод ван Дамм өз сөзінде: «Назарбаев – біздің болашағымыздан келген Президент, ол – нағыз мықты басшының соны үлгісі! Көптеген мемлекеттерге осындай президент жетіспейді, маған сеніңіз! Менің дауысым Назарбаевқа берілді деп есептеңіз! Шын сөзім – мен оның кандидатурасын уағыздау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын» дегенді айтыпты.
«Казахстанская правда» газеті дүйсенбі күні кешке Алматыда ІІ-ші «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылуы салтанаты өткенін жазыпты. Оған арнайы шақырылғандар арасында сол күні түске дейін Астанада президент Назарбаевпен кездескен және өзге де киножұлдыздарды Алматы жұртшылығы да көріп, тамашалауға мүмкіндік алыпты. Мәдени шараны құттықтау сөзбен ашқандардың бірі, «осы фестивальдің құрметті президенті Олжас Сүлейменов қазақ кинематографиясын қолдап келе жатқан Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың рөліне ерекше тоқталды» деп жазады «Казахстанская правда» басылымы.
«Жас Алаш» басылымында жарияланған «Қазақ киносы «қарабазар саясатымен» қалай дамымақ?» деген мақала авторы Захардин Қыстаубайұлы бұл кинофестивальға алдын ала іріктеуден өткен 70 фильмнің арасынан Еуропа, Азия және ТМД елдерінің 15 фильмі ендігі жерде бірнеше номинация бойынша сынға түсетінін жазыпты. Алайда, автор қазақ киносының қазіргі тағдыры отандық кино мамандарын толғандырып отырғанын да айтқан. Ал ендеше «өзі жарытып кино түсіре алмай отырған елге мұндай құшақ жетпейтін жобаны жүзеге асырып, әлек болудың қажеті не?» деген сауал қояды автор. «Мысалы, фестиваль аясында әлемнің танымал продюсерлері мен сыншылары «Қазақстан – кино елі» деген және тағы басқа тақырыптарды талқылайтын көрінеді. Ал жұрт «қазақ киносы қайда?» деп, күндіз қолына шам алып іздесе де таппайды» деп жазады автор Захардин Қыстаубайұлы.
Сондай-ақ, сейсенбілік басылымдар Астанада өткен қазақ әндерінің халықаралық байқауы жайлы мақалалар жариялапты. «Байқаудың алғашқы күні үміткерлер бірінші болып сахнаға шығуға да жүрексінді» деп жазады «Айқын» газеті. Әйткенмен де, бірінші күні Шәмші Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы» әнімен тәжікстандық Шабнами Сурае сахна шымылдығын ашқан. Ал екінші күнді поляк қызы Себастиан Плевинский «Сұлу қыз» әнімен бастаған. «Бірінен-бірі асып түсуге тырысқандардың арасында әннің қайырмасын қазақ тілінде айтушылар да табылды. Әсіресе, Төлеген Мұхамеджановтың «Мен деп ойла» әнін Латвиядан келген Сабина Березина қазақ тілінде орындағанда жиналған жұрт та қосыла кетті, ал Шри-Ланкадан келген «Батяи мен Сантуш» тобы Бейбіт Оралұлының «Бозжорғасын» өз стильдерімен орындағанда, бағанадан бері әнге қосылып отырған көпшілік, енді билеуге көшті» деп жазады автор Қаншайым Байдәулетова.
Астанада өткен халықаралық ән фестивалінде Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Өмір өзен» әнін орындаған Индонезиялық әнші Дэви Марпаунгке осы байқаудың бас жүлдесін беру туралы шешімді қазылар алқасы бірауыздан қабыдады деп жазады «Казахстанская правда» газеті.