Сұхбатқа тартқан кейбір жастар жаңа парламент Ауғанстанның жағдайын тұрақтандыруға өз үлесін қосады деп сенсе, ал кейбіреулері сайлауға түскен үміткерлерге сенімсіздік білдіріп, дауыс бермеген. Жастардың қойып отырған талаптары қарапайым: жастар жұмыс істегісі келеді, оқу-білім жүйесінің дамығанын қалайды, мұғалімдердің білім деңгейі жоғары болсын дейді, сондай-ақ университеттерде қажетті жағдай жасалуын қалайды. Бірақ, Ауғанстанда бұл қарапайым талаптардың да орындалуы әлі де болса қиын, өйткені бұл елде қаншама жылдар бойы соғыс болған.
21-жастағы Мохаммад заң факультетінің студенті. “Азаттыққа” берген сұхбатында ол жұмыссыздық мәселесі Ауғанстандағы жастар үшін ең үлкен проблема деді. “Мысалы мен келешекке үміт артып отырған Ауған жастарының бірімін. 2 жылдан соң мен Ауғанстанның ең мықты деп саналатын Кабул университетін бітіремін. Ағылшын тілі мен компьютерді де білемін. Бірақ мен дипломымды алған соң, қайда жұмыс істейтінімді білмеймін,” деді Мохаммад.
Оның айтуынша, Ауғанстанда дипломдары бар көптеген жастар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс таба алмайды. Мохаммад қыркүйектің 18-күні елде өткен парламенттік сайлауларда дауыс берген. Енді ол сайлауға түскен үміткерлер уәделерін орындап, Ауған халқына қызмет етеді деп үміттенеді.
Сұхбатқа тартқан 22-жастағы Фарзанеһ деген студент-қыз да келешекке алаңдаушылықпен қарайтынын айтты. “Мен дипломымды алғаннан кейін жұмыссыздықтан үйде отырыуым да ықтимал. Сол кезде мен “неге университетте оқыдым?” оданда тігушілікті үйренсем болар еді ғой деп ойланамын ба деп алаңдаймын,” дейді Фарзенаһ.
Фарзанеһ сайлауға қатыспаған. Оның айтуынша, сайлауға түскен үміткерлер тек “құрғақ уәде” беріп, көшелерде жарнамаларын іліп тастайды.
Ал Бадахшаннан келген 23-жасар Нажибе деген студент Кабул университетінде Түрк әдебиетін оқиды. Ол жаңа парламент өз жұмысын бастасымен-ақ оның және оның отандастарының жағдайы өзгереді деген үмітпен сайлауға қатысқан. “Сайлауға түскен үміткерлердің арасында оң нәтижеге қол жеткізетіндер де бар шығар. Біз, яғни жастар парламенттен көп нәрсені талап етеміз. Көп жастар жұмыссыз жүр, проблемаларымыз өте көп. Парламент қоғамға және өте нашар жағдайда өсіп жатқан жастарға назар аударады деп үміттенеміз,” деді Нажибеһ.
Оның айтуынша, Ауғанстандағы студенттердің көбінде ақшалары жетіспейді. “Кейбір жастардың тіпті жол-кіресіне де беретін ақшасы жоқ,” дейді ол.
Үміткерлерден көңілі қалып, сайлауға қатыспаған Кабул унивеситетіндегі Акмаль деген студент-жігіт те Ауғанстанда жұмыссыздық проблемаларының сонымен қатар жемқорлық мәселелерінің бар екенін атап көрсетті. Ол, сондай-ақ, елде білім беру жүйесінің сапасы төмен деді. “Біз парламент мүшелерін тек өздерінің пайдасын ғана ойламауға шақырамыз. Егер парламент халықтың мүддесіне қызмет етсе, онда ол оң нәтиже бере алады. Біз басқа елдерде парламенті мен президенті бар екенін білеміз. Бірақ біздің елімізде президент Қарзай тағайындаған адамдар жемқорлық мәселесін жойған жоқ. Мен мұны көп жерлерде өз көзіммен көрдім. Біздің министрлеріміз қаладан өтетін болса, онда көшелер жабылады. Менің ойымша, бір адамның өте маңызды болуы бұл дұрыс емес,” деді Акмаль.