Президенттікке үміткерлер қаржысы өтетін банкті таңдап алу құзыры «Сайлау туралы» заң бойынша Орталық сайлау комиссиясына берілген. Соған сәйкес алдағы сайлауда үміткерлердің қаржысы «Қазақстан халық банкінде» жинақталатын болады. Мұндай таңдау жасаудың бірнеше себебі бар деп есептейді Орталық Сайлау комиссиясының хатшысы Владимир ФООС.
«Біріншіден, бұл банктің барлық аймақтарда, тіптен алыс елді-мекендерде де филиалдары бар. Екіншіден, 1999 жылдан бері бұл банкпен жұмыс істеу тәжірибеміз қалыптасып қалды. Екі арадағы барлық мәселелер, құжаттар реттеліп қойылған. Сол себепті, президенттікке үміткерлер үшін де бұл банк арқылы жұмыс істеу тиімді болмақ», - дейді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Владимир Фоос.
Алайда, президенттікке үміткерлердің бірі «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының лидері Жармахан Тұқябай бұл шешімді заңсыз деп санайды:
«Мен өзімнің Жоғарғы сотқа берген арызымда көрсеткенмін: біріншіден, «Халық банкінің» аты дұрыс жазылмаған. «Қазақстан республикасының Халық банкі» деген дұрыс емес. Екіншіден, ең бастысы Орталық сайлау коимиссиясы бір ғана банкке тәуелді болмауы керек. Сондықтан, ең алдымен тендер өткізіп, сонан кейін ғана қай банк лайықты соны шешуі керек еді».
Десекте, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Владимир Фоостың сөзіне қарағанда, сайлау қаржысы өтетін банкіні таңдап алу конкурс, тендер арқылы жүзеге асуы міндетті емес. Себебі, бұл туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңда да көрсетілмеген.
«Біз үшін банкінің акционерлерінің кімдер екендігі маңызды емес. Бізге банк таңдау мүмкіндігі берілді, соны пайдаландық. Оған қоса уақытша бұл шоттан дивидент аударылмайтындықтан, банк бұл операциялардан пайда көрмейді», - дейді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Владимир Фоос.
Әйтсе де, тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат ӘБІЛОВ президенттік сайлау қоры қомақты қаржыдан тұратындығын, ал мұндай мүмкіндіктің «Халық банкі» артында тұрған қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына беріліп қойылғандығын айтады.
«Сайлау алдындағы 20-25 миллион доллар бір-бір жарым ай сол «Халық банкінде» жатады. Бұл банкке пайда ма? Пайда! Онда неге басқа банктерге ондай мүмкіндік берілмеген? 1999-шы жылы президенттік сайлауда Халық банкі мемлекеттік банк болса, қазір ол халық банкі емес, Назарбаев пен оның отбасының банкі. Банкіні 100 бақылау - Тимур ҚҰЛЫБАЕВ пен Динара НАЗАРБАЕВАНЫҢ қолында. Ал банктің бақылау кеңесінің төрағасы – Назарабаевтың қарамағындағы «Отан» партиясының төраға орынбасары Александр ПАВЛОВ», - дейді Б.ӘБІЛОВ.
Президенттікке келесі бір үміткер, сенатор Уәлихан ҚАЙСАР үшін сайлау қаржысының қай банк арқылы өтетіндігі бәрібір:
«Қай банк арқылы ақша аударылады маған маңызды емес: «Халық банкі» арқылы ма, әлде «Казкоммерцбанк» арқылы ма?! Ешқандай айырмашылық жоқ. Себебі, маған шетелден келіп жатқан ақша жоқ».
Оның пікірінше, оппозиция өкілдерінің сайлау кезінде өздері пайдаланатын қаржының жасырын, бақылаусыз қалғанын қалайды. Сол үшін де оларға «Халықтық банк» тиімсіз:
«Оларға шетелден келетін ақша бар шығар. Ал оны олар өздерінің адамдары отырған банкі арқылы өткізгілері келетін шығар. Ақша аударымдары мен төлемдердің бақылауға түспеуін қалайтын болар».
Алайда, оппозциядан сайлауға ұсынылып отырған біртұтас үміткер Жармахан Тұяқбай болса, мұндай пікірмен келіспейді. Ол президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаев отбасына тиесілі банкіге оның сайлаудағы бәсекелестерінің де шот ашуын талап етуі үміткерлерге қазірдің өзінде тең жағдайдың жасалмауының белгісі:
«Біздің елімізде тәртіптің жоқтығының тағы бір көрінісі. Құқықтық тәртіпті қатардағы жәй азаматтар емес, ең жоғарыда отырған, ең жоғары әділеттілік іздейтін Жоғарғы соттың өзі оны сақтамағаннан кейін қандай уәж айтуға болады?!»
Қыркүйектің 19-ында Жармахан Тұяқбай Орталық сайлау коимиссиясының үміткерлер ақшасы сақталатын уақытша мекеме ретінде Халық банкін таңдап алу туралы шешіміне қарсы шығып, Жоғарғы сотқа шағымданған еді. Алайда, сот Жармахан Тұяқбайдың өтінішін қанағаттандырмай, Орталық сайлау комиссиясының шешімін заңды деп тапқан болатын.