Accessibility links

Президент В. Ющенко Үкіметтің жаңа құрамын жария етті


Украина президенті Виктор Ющенко жаңа Кабиент құрамын бекітіп, жариялай келе, олардың технократтар болатындығына нық сенімділігін айтты. Ал бұл аралықта Ресей проурорлары Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы тұтқындау ордерін кері қайтарып алды. Мұндай шешім Тимошенко Мәскеуге өз еркімен барып, әскери прокуратураның сұрақтарына жауап беріп, тексерістер жүргізілуі үшін қайтып келуге келіскеннен кейін жасалды.

Украина президенті осы аптада технократтар үкіметі болатын жаңа кабинет мүшелерінің басым көпшілігін белгілеп, бекітті. Жаңа кабинет айдың басында жемқорлық жайлады деген айыптаулар мен ауызбірліктің болмауынан отставкаға жіберілген "қызғылт-сары революция" командасының орнын басты.

Ющенко өткен аптада Парламент мақұлдаған жаңа премьер-министр Юрий Ехануровтың қоластында жұмыс істейтін 23 министрдің 16-ның есімін жариялады. Дегенмен де, жаңа кабинетке енетін көптеген адамның есімін үкіметбасы, хабарларға қарағанда технократтығымен жане саяси мақсатты ұстанбайтындығымен, сондай-ақ президент Ющенкоға берілгендігімен танымал, Юрий Ехануров ұсынатындығы айқын. Жаңа премьер-министр өз кабинеті аптаның аяғына дейін толық жасақталып бітеді деген болатын.

Киевтегі Олександр Разумковтың экономикалық және саяси зерттеулер орталығындағы саяси және хұқықтық бағдарламар директоры Юрий Якименко жаңа кабинет президент пен премьер-министр ұстанатын бағыттан басқа қандай да бір саяси бағдарламаны негізге алады деп күтпеймін дегенді айтады:

- Менің ойымша бұл кабиентке берілер басты мінездеме - оның ең төменгі дәрежеде саясиланатындығы, сол себепті де олардың ішінде пікір қайшылығы бола қоймайды. Мұндағы бір өзгеріс өткен үкімет құрамында көптеген дау-дамайларға араласқан бірде-бір тұлға жаңа кабинет құрамына кіргізілген жоқ.

Якименко билік қатарынан бұрынғы премьер Тимошенко ғана емес, оның жақтаушылары да кетірілді дейді. Олардың ішінде бұрынғы экономика министрі Сергей Терохин мен бұрынғы энергетика министрі Давид Жвания бар.

Якименко жаңа үкімет радикалды реформалар үкіметі болмайды, ол тұрақтылық орнатуды мақсат еткен үкімет болады деп атап көрсетеді. Талдаушы Якименко президент Ющенко тұрақтылық пен экономикадағы кейбір алға басушылыққа наурыз айындағы Парламент сайлауына дейін қол жеткізгісі келген дегенді айтады. Сарапшы мұнымен қатар бұрынғы премьер-министр Тимошенконың сенбі күнгі Мәскеуге сапары және Ресей заң орындарының оны тұтқындау ордерін қайтаруы - міне мұның бәрі келе жатқан сайлауға байланысыт көп жайтты түсіндіреді деп атап көрсетеді:

- Ең алдымен ол Украинаның ішінде және халықаралық деңгейде өзінің атына, келбетіне нұқсан келтіретін көлеңкелі жайттың бәрінен арылып, тазарғысы келеді.

Тимошенкоға 1990 жылдары Украинаның басты газ тарату компаниясын басқарған кезде Ресейдің әскери шенеуніктерінен пара алды деген айып тағылып келген, бірақ Тимошенко мұны жоққа шығарады. Талдаушы бұрынғы премьер Тимошенко Украинадағы ресейшіл сайлаушыларды өз жағына тарту үшін Мәскеумен жақын қарым-қатынас орнатқысы келеді деп атап көрсетеді.

Киевтегі Европа және Транс-Атлантикалық зерттеулер орталығының басшысы Олексий Коломиец Тимошенко сапарының нақты жайттары айқын емес дей келе, "қызғылт-сары төңкерістің" басты тұлғаларының бірінің Кремлге бет бұруы Мәскеуді Киевке ықпалын қайта жаңғыртуға үміттендіреді деген ой түйеді:

- Бұл сапар тым жабық жағдайда болды. Менің ойымша, бұл сапар Украина- Ресей қарым-қатынасына ашықтық, шынайылық, айқындық қоса қоймайды, - деген талдаушы үкіметбасынан кеткеннен кейін үш аптаға толар-толмас уақытта Тимошенконың Ресейге баруы Маскеудің Украинада болатын сайлау науқанына қосылғандығын аңғартады дейді. Ол сонымен бірге Ресей кәсіпкерлерімен жақын, жақсы байланыстағы Украинаның "қызғылт-сары төңкерісі" ханшайымына Ресей астанасы қолдау көрсетуі мүмкін деп, Украинадағылардың көпшілігі қорқады дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG