Accessibility links

Еуропа Одақ өкілі Ферреро Бенито Уолднер Әзірбайжан билігін елдің еркіндігін сақтап, парламенттік сайлауларды әділ әрі ашық өткізуге шақырды


Еуропа Одағының сыртқы байланыстар жөніндегі комиссары Бенито Уолднер сәрсенбі күні Страсбургтегі Еуро парламентте сөйлеген сөзінде, Әзірбайжан үкіметі алдағы қарашаның 6-сында өтетін парламенттік сайлаулар алдында елдегі саяси еркіндікке жол бермей отыр деді. Бенито Уолднер ханым, бұл сайлауларды өткізу- Әзірбайжан үкіметінің Еуропа Одағына жақын болу ниеті үшін сынақ болатынын ескерткен.

Ресми түрде Еуропа Одағы Әзірбайжан елінің 6-шы қарашада өтетін парламенттік сайлаулар үшінгі дайындықтарына маңызды оқиға ретінде кеңінен назар аударып отыр. Сәрсенбінің түнінде, Еуропа Одағының сыртқы байланыстар жөніндегі комиссары Бенито Уолднер Еуро парламенттің алдында сөйлеген сөзінде, Әзірбайжанның бұл сайлауларды өткізуі елдің Еуро одаққа жақынырақ болу ниетіне сынақ болады деп айтқан. Бірақ, ол Әзірбайжан еліндегі соңғы жағдайлар оған жақсы болжам болмай отырғанына тоқталған:

«Мен атап айтуым керек, осы жылы қарашаның 6-сында болатын парламенттік сайлаулар үшінгі дайындықтарға комиссия баса назар аударып әрі үлкен алаңдаушылықпен қарап отыр. Өткен аптада орын алған сайлау алдындағы аз уақыт ішіндегі оқиғалар біздің осындай үлкен алаңдаушылықтарымызға негіз болып отыр».

Әзірбайжан Грузия және Армениямен бірге, Еуропа Одағының “көршілестік саясатына” қосылған. Барлық үш ел де Еуро Одақтың алдағы жылдары олардың дамуына көмектесудің нақты бір мерзімін белгілейтін “қимыл-әрекет жоспарын” күтіп отыр. Алайда, “қимыл-әрекет жоспары” Әзірбайжан мен Еуропа Одағына мүше ел Кипрмен арадағы дау-дамайдың салдарынан тоқтап тұр. Оған Бакудің Түркиямен жақын саяси әрі мәдени байланысы себеп болып отыр. Еуропа Одағының сыртқы байланыстар жөніндегі комиссары Бенито Уолднер, бұл “қимыл әрекеттер жоспары” келесі жылға дейін тоқтап тұруы мүмкін деген.

Ол сонымен қатар, Еуро Одақтың “қимыл әрекеттер жоспары” туралы шешімі Әзірбайжанның демократиялық жағдайына байланысты қиын болуы мүмкін дейді.

Бенито Уолднер Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевтің бірқатар министрлерді орнынан алғандығын да сынады. Комиссар жақында болған тұтқындаулар мен басқа да оқиғалар сайлаумен байланысты дейді:

«Ол тұтқындаулар жағдайдың одан әрі ушығуына сөзсіз әсер етеді. Әрине, осы сайлау науқанына және мен бұл сайлау науқаны өкінішке қарай кейбір қақтығыстар мен айрықша жәйттермен ерекшеленді, деп айтар едім».

Әзірбайжан билігі өткен аптада министрлер кабинетінің бірнеше мүшесін және үкімет ресмилерін Әзірбайжан оппозициясының қуғында жүрген жетекшісі Расул Құлиевпен бірге қосылып, билікті құлатып, төңкеріс жасамақшы болды деген айыппен орындарынан алып тұтқындаған болатын. Әзірбайжанда сыбайлас жемқорлыққа барып, ақша жымқырды деп айыпталған Парламенттің бұрынғы спикері Құлиев өзіне тағылған бұл айыпты шындыққа жанаспайтын айыптаулар деп сипаттады.

9 жыл шет елде жүрген Құлиев өткен аптада Лондоннан Бакуге ұшып бара жатқан жолда, Әзірбайжан билігінің өтініші бойынша Украинда біраз уақытқа тұтқындалған болатын. Кейіннен, Украин елінің жетекшіліері оған тағылған айып дәлелсіз деп оны босатқан еді.

Құлиев келеді деп күтілгеннің алдында, Әзірбайжан билігі оның Демократиялық партиясының біраз мүшелерін қамауға алып, Бакуге қосымша қауіпсіздік күштерін жөнелткен болатын.

Фереро Бенито Уолднер бұл қалыптасқан жағдай Әзірбайжан үкіметінің сайлау әділ де еркін өтеді деп берген уәдесіне күмән келтіреді деп атап көрсетеді:

«Біз соңғы сағаттарда ондаған кандидаттың шығып қалғанын біліп отырмыз. Мемлекеттік және қоғамдық теледидарда оппозициялық партияларға орын берілмей отырғаны немесе олардық уақыттары көп шектелгеніне біз шындығында қанағаттанбай отырмыз».

Соңғы бірнеше күннің ішінде, 400-ден астам үміткер сайлау бәсекесінен шығып қалған. Олардың қатарында көптеген тәуелсіз үміткерлермен қатар “Жаңа Әзірбайжан” партиясының бірнеше мүшелері бар.

Әзірбайжанның Орталық сайлау Комиссиясы сәрсенбі күні алдағы сайлауда дауыс берушілердің саусақтарымен қара сияны пайдалануына үндеді.
XS
SM
MD
LG