Бұл жерде бірінші айта кетеріміз мұндай жаңа тиым-шектеулердің қолға алынуының себеп салдарлары әзір нақты айқын емес. Негізі Ислам республикасында көптеген батыстық фильмдердің көрсетілуіне бұрыннан да шектеулер болатын.
Ал соңғы аптада Жоғары мәдени революциялық кеңес шын мәнінде Ислам қоғамының мәдениетін бұзатын, оған кері ықпал ететін кино көрсетілімдердің таратылуына тиым салып отыр.
Сонымен қатар Құдайды жоққа шығаратын, феминизмді қолдайтын, либерал немесе нигилистік ой-идеяларды жақтайтын шетелдік фильмдердің көрермендерге көрсетілуіне нақты шектеулер қойылатын болады.
Иранның әйел киногерлерінің жетекшісі Рахшан Бани-Итемед «Фарда» радиосына берген сұхбатында бұл шектеулерде жаңадан қосылған ешнәрсе жоқ дегенді айтқан:
- Жалпы айтқанда осыған дейін ұстанып келген саясат та дәл осындай бағытта болған, ал қазіргі бұрынғыдан да қатаңдау көзқарас деген сөз, мен шындығында жаңа директивалардан бір жаңалық көріп тұрған жоқпын. Бұл мәселелер әрдайым өте бір нәзік жайттар болып келген.
Тегерандағы фильмдер сценариін жазушы Али Реза Мотамеди ультра-консерватив Махмұд Ахмаденижедтің сайлауда жеңіске жетіп, билік басына келуінің өзінен-ақ шетелдік фильмдердің ел экрандарына шығарылуына салынатын шектеулерді бұрынғыдан да қатаңдата түсетіндігі белгілі болған еді, бірақ та мына жаңа талаптар шындығында таңданарлық деп атап көрсетеді:
- Бұл туралы естігенде көптеген адамдар таңданып-ақ қалды. Менің ойымша бұл жаңа үкімет адамдарының біз барлық нарсені бақылауда ұстаймыз деген тұрғыда жасаған қадамдары болар. Олар алғашқы бас қосуда-ақ соны байқатқан, мен бұл жерде одан басқа себеп көріп тұрған жоқпын. Бұл тиым салулар кәсібиліктен алшақ жатыр және мұнда көптеген проблемалар бар. Мен мұның бәрі соншалықты бір керемет ойдан туды деп ойламаймын.
Хабарларға қарағанда Иранның мәдениет министрі мен ұлттық хабарлар тарату басшылығы бұл тиымдарды енгізу мәселесінде қиналыс білдірген. Мотамеди мұндай шектеулердің орындалуы, демек оларды жүзеге асыру оңай болмайды. Өйткені мұнда көптеген сұрақтар туындайды деп атап көрсетеді.
Жалпы Иранда көңіл көтеретін кештер мен концерттердің шектеулі екендігіне қарамастан, Батыс кинолары өте кең тараған. Көптеген адамдар спутниктік телерналар арқылы және қара базардан сатып алып, Голливудтың кейінгі шыққан ең жаңа деген туындыларын көріп, тамашалап отырады.
Осыдан біраз жылдар бұрын Батыс кинолары кинотеатрларда көрсетілетін,бірақ ондағы ұятсыз деп есептелетін сценалар немесе арақ-шарап ішетін, жалаңаш, ашық-шашық денелер көрсетілетін тұстар кесіліп тасталатын. Мәселен, "Терминатор-3", "Килл Билл", "Авиатор" фильмдері бірнеше кинотеатрларда көрсетілген болатын.
Фильм жасаушылардың бірі Мотамеди бұл жаңа шектеулер Иранда шетелдік кинолардың көрсетілуіне қатты бір әсер ете қоймайды деген ойда:
- Мұнда Гонконгтың, Үндістанның кинолары көрсетіледі. Европа фильмдері ұзақ уақытқа көрсетілмей қалған жоқ. Мәселен, Американың фильмдері де көрсетіледі, "Фаренгейт 9/11" сияқты кино Иранда президент сайлауы барысында жаппай көрсетілді, өйткені ол Бушқа қарсы кино болатын, Одан басқа да бірқатар кинолар көрсетіліп жатады.
Президент сайлауы кезінде Махмұд Ахмаденижед Батыс мәдениетінің ықпалына қарсы тұрамын деп уәде еткен еді. 8 -қазанда ол Иран қоғамында Құран мәдениетін нығайтатын шараларға қолдау көресетемін деп айтты.
Кейбір қайраткерлер мен сарапшылар бұл жаңа шектеулер Иран Ислам республикасындағы мәдениет саясатының аясын тарылтады деген алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр.