Accessibility links

Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында 13 жас шамасындағы жас бала жанкештілік шабуыл жасады


Жақында Ирақтағы соғыс оңай болмай, адам шығыны көп өте қиын кезең болғанын анық танытты. Мәселен өткен аптада, Ирақта соғыс операциялары басталып - аяқталды деп жарияланғаннан бері әлі жалғасқан бүлікшілдердің шабуылынан АҚШ-тың 2000 әскері қаза болғаны жайында айтылды. Сейсенбі күні, Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында бір жас баланың жанкештілікпен бомба жарғаны мәлім болып отыр. Бұл жасөспірім баланың жарылыс жасағаны жақсы жаңалық емес, дегенмен Ирақ қақтығысында мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отыр.

Киркуктан келіп түсіп жатқан хабарлар толыққанды емес, дегенмен екі ақпарат көзі, беліне жарылғыш зат тағып алған жасөспірім баланың қаладағы полиция басшысы Хаттаб Ирис Абдуллахтың көлігіне жақын жерге келіп шабуыл жасағанын хабарлады.

Хабарларға қарағанда, полиция басшысы Абдуллах қатты жараланған. Шамамен 13 жастағы бұл жанкешті шабуылдаушы сол жерде өліп кеткен. Егер бұл хабарлар нақты болған болса, бұл Ирақ соғысында өте жас баланың жанкешітілікпен бомба жаруы бірінші рет орын алып отырған жағдай. “Human Rights Watch” ұйымының балалар құқығы бөлімінің директоры Жо Беккердің айтуынша:

“Біз мұндағы соғыс барысында бүлікшіл күштерге көптеген баланың қосылғанын білеміз. Мен балалардың басқа жанкештілік шабуыл жасағанын естіген емеспін. Бірақ, мен оны нақты 100 процент деп айта алмаймын”.

Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі өкіл Беккер, балалар үшін соғыста мұндай шабуылдау әрекеттеріне бару күтпеген жағдай емес дейді. 1960-70 жылдары Вьетнамдағы соғыста көп балалар американдықтарға қарсы күрескен. Сондай-ақ, 1980 жылдардағы Ирақ-Иран соғысында балалар әскери шабуылдарға жіберілетін жауынгер ретінде пайдаланылған.

Балалар соңғы Африкандық соғыстарда соғысуға шақырылған жаңа күш болған. Және Израиль-Палестина қақтығысында он жастан жаңа асқан жанкештілер де болған. Беккердің сөзіне қарағанда, Африкан соғыстарында кей кездері балалар қарулы күштерге қосылуына себеп болатын жайт, олар соғыстан қираған елінің алдындағы жалғыз жол осы деп ойлайды. Алайда, олардың басым бөлігі, егер олар соғыспаса өмірлеріне қауіп төнеді дегендей әскерге күшпен алынбайды,- дейді Беккер.

Сонымен қатар ол, біз өз қалауымен соғысып жатырмыз дейтін балаларды қандай себеп итермелегені туралы қорытынды жасау өте қиын екенін айтады. Дегенмен балалар құқығын қорғаушы Беккер, Израиль-Палестина қақтығысында жанкештілердің шабуылға өзін-өзі жіберуге келуі қиынырақ екенін айтады.

Бекердің айтуынша, соңғы жылдарда “Human Rights Watch” ұйымы 18 жастан төмен өзін-өзі жарушы жанкешті шабуылшының 10 оқиғасын тіркеген. Беккердің пікірінше, қанша жастың соғысқа қатысқысы келетіні ештеңе емес, ал қолбасшылар жасөспірімдердің ондай негізсіз әрі қисынсыз шешімге баруына жол бермеуі керек. Және жиі кездесетін жағдай жасөспірім әскерлер өздерінен үлкен қолбасшыларының айтқанын бұлжытпай орындап, кәміл сенеді. Африкадағы соғыстардың кейбірінде, жас жауынгерлер денелеріне иіс май сияқты сұйықтықтарды жағып, ол өздерін түрлі жағдайдан қорғайды деп сенеді дейді Беккер.

“Біз яғни “Human Rights Watch” ұйымы балалардың үлкендер сияқты шешім жасау қабілеті жоқ екенін айтамыз. Біз жасөспірімдердің миының дамуы туралы соңғы ғылыми деректерге жүгінсек, олардың келешекті болжамай әрі қандай салдарлар болуы мүмкіндігіне қарамастан шешім қабылдайтыны туралы білеміз. Балалар әскерлер ретінде кеңінен пайдаланылады өйткені олар айтқанға көнеді, және сенгіш”- дейді “Human Rights Watch” ұйымының өкілі Беккер.

Оның айтуынша, “Human Rights Watch” ұйымы балаларды әскери жауынгер ретінде пайдалануға қарсы, себебі олар жауынгер болып осындай жанкештілік шабуылдарға баруға шешімді тез қабылдайды, өйткені балалардың шешім қабылдау қабілеті әлбетте шектеулі.
XS
SM
MD
LG