Ресми деректерге қарағанда, елдегі сайлаушылардың 46 пайызы сайлауға қатысып, дауыс берген. Әзірбайжанның сайлау туралы заңына сәйкес, дауыс берушілердің санына қарамай-ақ сайлау заңды өтті деп есептеледі. Дүйсенбіде өткізген баспасөз маслихатында Орталық сайлау комиссиясының өкілі Ықбал Бабаев сайлаудың бастапқы қорытындысын жариялады.
Бастапқы нәтижелерге қарағанда, дауыстардың 85 пайызы саналып, президент Ильхам Әлиевтің партиясы парламенттегі 125 орынның 62-не қол жеткізген. Билік басындағы Иени Әзірбайжан партиясы қазіргі парламенттегі орындардың 75-пайызына ие.
Алайда елдегі басты оппозициялық коалиция сайлау қорытындысын мойындамаймыз дейді.
Жексенбі күні оппозиция лидері Әли Керимли Әзірбайжан халқының мүддесі жүзеге аспады деп мәлімдеді.
Әзірбайжанда аталған партиялардан басқа тағы Мусават және Әзірбайжанның демократиялық партиялары бар. Мусават партиясы да елде әділетіллік орнатылмаса, онда сайлау нәтижесімен келіспейміз дейді.
Керимлидің айтуынша, оппозициялық Азадлық коалициясы сейсенбі, яғни қарашаның 8- күні Баку орталығында бейбіт түрде наразылық шараларын бастамақшы.
“Біз дауыс берушілердің құқықтарын заңды түрде қорғамақшымыз. Наразылық шараларымыз бейбіт түрде өтеді. Биліктің халыққа қарсы күш қолдануына қолымыздан келгенше жол бермеуге тырысамыз,” - деді оппозиция жетекшісі.
Оппозицияның айтуынша, сайлауда бұрмалаулар орын алған, дәлірек айтқанда, кейбір сайлау бекеттеріне Азатлық бақылаушылары жіберілмеген. Кейбір сайлаушылардың саусағына өшпейтін сияның орнына жуылып кететін сия қолданылған, дейді оппозиция өкілдері. Ал билік басындағы Иени Азербайжан партиясы болса бұл айыптауларды жоққа шығаруда. Соңғы хабарларға қарағанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да Әзірбайжандағы парламент сайлауы кейбір халықаралық талаптарға сай келмеді деп мәлімдеді.