2005 жылғы апиын өндірісінің көрсеткіші төмендеген тұста, шамамен бес фермердің бірі немесе 50 мың үй шаруашылығы заңсыз жолмен апиын өнімін алады. Демек, Ауғаныстанда әлі де әлемдегі апиын көкнәрының 87 пайызы өндіріліп отыр. Ауған үкіметінің апиын өндірісін түбірімен жою жөніндегі шараларымен қатар, апиын өнімін еркін тарату мен Ауғаныстанның кейбір бөлігінде қауіпсіздік жағдайының нашарлауы - 2006 жылы апиын өндірісінің артып кетуіне жол беретін фактор ретінде көрініс береді дейді дейді БҰҰ-ндағы есірткі және қылмыстар жөніндегі кеңсенің атқарушы директоры Антонио Мария Коста:
“Біріншіден, бізде 2006 жылы апиын өнімінің қатты көбеюіне жол ашу үшін, провинцияның көптеген саудагері апиын тұқымын тегін таратып жүргені жайлы хабар бар. Екінші мәселе, өткен жылы апиын өндірісін көп өндірмеген кейбір провинцияларда қауіпсіздік жағдайы қиындап, ол бұл аймақтарда қайтадан апиын өндірісінің көбейіп кетуіне жол ашуы мүмкін”.
Баяндамада апиын өндірісіндегі өзгерістер бүкіл ел бойынша әркелкі деп жазылған. Мәселен, Нангахар провинциясында бұл өндіріс көлемінің төмендеуі 96 процент деп жазылса, ал бұған керісінше Фарах жане Балх провинцияларында апиын өңдеу үш есе өскен.
Сонымен қатар хабарламада диқандардың үй жағдайында көкнәр өсіріп, апиын өңдеуден табатын жылдық табысы 1800 доллардан аспайды, ал оның есесіне есірткі саудагерлері 2,14 миллиард долларға дейін кіріс кіргізген. Және бұл ретте есірткі саудасынан келетін пайданың басым бөлігі бірнеше есірткі қожайындарының шетелдік банк есепшоттарында қалады.
Апиын бағасының елдің әр аймағында әр түрлі болып өзгеріп тұруы да маңызды жайттардың бірі. Хабарламада бұл орайда шикідей кептірлген апиынның бір килограмы 140 доллар болатын болса, бұл баға Ауғанстанның Тәжікстанмен шекараласатын аймақтарында 114 долларға дейін арзандайды деп атап көрсетілген.
БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі комитетінің хабарламасында, бірінші рет Ауғаныстандағы этникалық топтардың есірткі саудасына қатыстары мен олардың алатын орындары туралы айтылған.
“Он жылдай бұрын есірткі саудасының 90 процентінде Пуштундар болатын. Биылғы жылы пуштундар есірткі саудагерлерінің тең жартысын ғана құрайды, Қазір мұндағы тәжік азшылығы, негізнен Ауғанстандағы немесе негізінен шекараның аржағы Тәжікстандағы есірткі саудасымен айналысатындардың төрттен бірін құрап отыр”. Сөз болып отырған баяндамада, есірткі тасымалданатын жолдар бағытында да өзгерістер болғандығы айтылады. Мәселен, Иран жері арқылы есірткі алып өту 2004 жылы 40 процент болған болса, 2005 жылы бұл көрсеткіш бүкіл Ауған арқылы өтетін есірткі көлемінің 61 процентіне жеткен. Есірткі тасымалының басқа жолдары мен бағыттары болса, олардың сәл азайғандығын байқатады. Мысалға Пәкістан арқылы алып өтетін тасымал 37 проценттен 20 процентке, Орта Азия елдері арқылы өткізілетін есірткі 24 проценттен 19 процентке азайғандығы жазылған.
Нью-Иоркте орналасқан шетелдік байланыстар жөніндегі Кеңестің өкілі Изобель Коулмэн «Азаттыққа» берген сұхбатында, Орталық Азияда кең етек алған сыбайласқан жемқорлық, президент Қарзай үкіметінің есірткі өндірісі мен тасымалына қарсы күресіне айтарлықтай үлкен кедергі келтіріп отыр дейді.
Осылайша, БҰҰ-ның есірткі және қылмыстар жөніндегі кеңсесі бірінші рет Ауғаныстанда апиын тұтынатындардың санын жариялап отыр, ол шамамен халықтың 1 миллионы немесе процентке шаққанда 3,8 пайыз адам апиын қолданатынын көрсетеді.