«Жеке кәсіпкерлік туралы» заң жобасының бұрынғыларынан басты айырмашылығы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін қамтамасыз етуші құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негізгі шарттар мен кепілдіктердің нақтылы түрде айқындалғандығында дейді Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымов. Оның айтуынша, алғаш рет аталған заң жобасы арқылы кәсіпкерлердің бірлестіктерін тіркеу институтын енгізу көзделген. Бұл шара мемлекеттік атқарушы мекемелердің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестердің жұмысын заңдық тұрғыда реттеуге бағытталған. Сонымен бірге мәжіліс депутаты "Кәсіпкерлік мәселесіне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы да мақұлданғанын айтады. Ерасыл Әбілқасымовтың пікірінше енді аталған құжат арқылы жеке кәсіпкерлер мен бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік мекемелер арасындағы қарым-қатынас заңдық тұрғыда реттелмек.
Ал Қазақстан кәсіпкерлері және базарлары қауымдастығының атқарушы директоры Жібек Әжібаева жеке кәсіпкерлерге жүргізілетін тексерулердің түрлері, оларды ұйымдастыру тәртіптері, мерзімі мен ұзақтығы нақты белгіленген заң жобасы шын мәнінде жұмыс істесе кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болмағын айтады.
Осы мәселеге орай экономист маман Ілияс Исаев аталған заңдардың қажеттілігі анық, бірақ заңдық күші қаншалықты пәрменді болары белгісіз дейді. Алайда кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы өз басы көптеп шығып жатқан заңдардың да кәсіпкерлерге тигізер пайдасы шамалы екенін айтады. Ең бастысы биліктегілердің шағын бизнесті дамытуға деген шын ықыласы болуы қажет дейді кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы.