Accessibility links

Желтоқсанның 15-де Ирақта парламенттік сайлаулар өтеді


Желтоқсанның 15-күні Ирақта парламенттік сайлаулар өтеді, бірақ шетелдегі Ирақ азаматтары дауыс бере бастады. Ирақтағы жалпы 4 миллион сайлаушы Ұлттық Ассамблеяға 275 депутатты таңдайды.

Бұл сайлауға 200-ге жуық саяси партия және 7 мыңдай үміткер түсіп отыр. Талдаушылар бұл сайлауды Саддам Хуссейн режимінен кейінгі кезекті саяси үдеріс деп бағалап отыр. Ирақтықтар уақытша парламентті емес, олар ұзақ мерзімді парламентті сайламақшы.

“Ирақта 4 жылдық үкімет құрылмақшы, сондықтан бұл сайлау бұдан бұрынғыларға қарағанда Ирақтықтар үшін өте маңызды. Бұл сайлау арқылы ирақтықтар елдің келешегін таңдайды”, - дейді Дубайдағы аймақтық сарапшы Мустафа Алани.

Ирақтың саяси жағдайы күрделі екендігі белгілі ғой. Саддам режимі кезінде шеттетірілген шиит арабтар тобы қазір бұл елде өте ықпалды деп есептеледі. “Бірлескен Ирақ альянсы” - Ирақ шииттерінің негізгі саяси тобы.

Бұдан бұрынғы сайлауда елдегі Араб сунниттері бойкот жариялаған болатын, алайда бұл жолы олар сайлауға қатыспақшы.

Сарапшы Алани Араб суниттері бойкот жариялаудан гөрі сайлауға қатысса көп нәрсеге қол жеткізетінін түсінді, сол үшін олар да сайлау бәйгесіне түсіп отыр деді. Ал Ирақтағы күрдтер автономиясын сақтап қалғысы келеді деп атап көрсетті Алани.

Сайлаудың алдында елде қауіпсіздік шаралары күшейтірілген. Сайлауға бір күн қалғанда Бағдад көшелеріндегі жағдай тыныш болған көрінеді. Бірақ Мосул қаласында орын алған жарылыстан екі полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жараланды дейді дәрігерлер. Ал сейсенбі күнгі шабуылдардан 5 АҚШ сарбазы және сайлауға үміткер ретінде түспекші болған сунниттердің саяси жетекшісі Мижар әл-Дулаими құрбан болған-ды.

Таяу Шығыс мәселелері бойынша талдаушы Дэвид Хартуэл әсіресе қазір Ирақтағы Араб сунниттері сайлауға қатысып жатқан кезінде елдегі қауіпсіздік шараларының күшейтірілгендігі өте маңызды деді. Хартуэлл парламенттік сайлаулар тыныш жағдайда өтеді деп үміттенеді. Ирақтың кейбір азаматтары, атап айтқанда емхенадағылар, түрмедегілер және елдің қауіпсіздік күштері дүйсенбі күні дауыс берген болатын.
XS
SM
MD
LG