15 жастағы Ильяның Екібастұз қаласынан Павлодардағы тәрбиесі қиын балаларға арналған интернатқа келгеніне бір-ақ жыл болыпты. Бірақ ол қазірдің өзінде үйін сағынып отыр. Жаңа жыл алдындағы арманым – үйіме барып, құрбым Надямен жүздесу дейді Илья. Ол интернатта өзінің жағдайы жақсы екенін айтып отыр.
- Ең бастысы – үйге жібереді, енді міне сыйлықтар таратпақшы. Ал, интернатта оқушыларды қамайтын сұмдық карцер бар дегеннің бәрі өтірік, - дейді Илья.
Әйтсе де, бұл уақытта оқушыларды қамайтын арнайы бөлменің болғаны, онда оқушылардың бірнеше тәулік бойы қамауда ұсталғаны тергеу барысында толық дәлелденді деп отыр Павлодар облыстық прокурордың көмекшісі Амангелді ШОЛИМОВ.
- Кеңес дәуірі кезінде бұл ғимарат қыз балаларға арналған училище ретінде салынып, онда арнайы камералар ескерілген. Кейін олар сол күйі қалып, балаларды қамау үшін қолданылған. Бөлменің ұзындығы 3 метр, ені 2 метр. Онда қабырғаға ілінетін, жиылмалы темір төсек қойылған. Жоғарыда жай ауа кіргізу үшін 20 сантиметрлік саңылау терезе ғана бар. Жарық жоқ, жылу берілмеген, - дейді прокуратура қызметкері.
Осындай арнайы камерада интернат қызметкері 4 оқушыны есірткі пайдаланды деп, жаза ретінде оларды 2-3 тәулік бойы ұстаған. Содан шыққан соң, қарашаның 6-сы күні оқушылардың бірі сенім телефоны арқылы бұл жайында прокуратура қызметкерлерін хабардар етеді. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің 137-ші бабына сәйкес кәмелетке жастары толмағандарды тәрбилеуге қатысты өз міндетін орындамаған азаматқа айыппұл салынудан өзге 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген дейді прокуратура қызметкері Амангелді Шолимов.
Қазақстан балалар қорының жетекшісі Эльвира ВАДЛИНА «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, қазіргі таңда республика көлемінде балалардың үлкендерден жапа шегуі, оқушыларға қатысты мұғалімдердің өз міндеттерін орындамауы өте жиі кездесетінін айтады.
- Мұғалімдердің оқушылардың жәй ғана тентектігі үшін бастарын таяқшамен нұқып қалуы былай тұрсын, шкафқа ұзақ қамап қою оқиғасы кездескен. Тіпті, балалардың өздері бізге шағым жасаған. Ал мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, мектеп директорларының балалардың абыройына тиіп, балағаттауын тіпті сөз етпей-ақ қояйын. Көп жағдайда жапа шегушілер кімге шағымданарын да білмейді. Себебі, балалар да, ересектер де заңдарды, оның ішінде халықаралық Балалар конвенциясынан бейхабар, - дейді балалар құқығын қорғаушы Эльвира Вадлина.
Ал заң ғылымдарының докторы Қабылсалих АЙТХОЖИН балалар құқықтарының жиі бұзылуының негізгі себебі - олардың заң сауатының төмендігінде деп есептейді. Сондықтан да заң мен құқық негіздерін оқушыларға әліппемен қатар оқыта бастау керек деген пікір айтады заңгер ғалым.