Беларус президенті Александр Лукашенко "Еуропаның соңғы диктаторы" деп аталады. Бірақ бұл соңғы диктатураны құлату оңай емес. Беларуста демократия орнатамын деген оппозиция тұлғалары Юрий Захранка мен Виктор Ганчарь іс-түссіз жоғалып кетті. Михаил Маринич болса түрмеде отыр, көпшілік оның айыбы қолдан жасалған дейді. Наурыз айында сайлауға оппозиция атынан бірігей кандидат болып түсетін Александр Миленкевич басымды қауіпке тігіп отырғанымды білемін, бірақ менде қорқыныш жоқ дейді:
- Шындығын айтатын болсам, олар мені өлтіргісі келсе септігін тигізетін жағдай...менде оққағар да жоқ, жанымда тіпті жүз шақты жігіт жоқ. Мұндай жағдайда алда тағдырым қалай болуы мүмкін деп шынында да ойламаймын. Бір нәрсені ғана білемін, менім көзім жойылса бұл тек ғана Миленкевичтың өлгені емес, бұл барлық беларус халқының өлгені болады.
Беларуста сайлау келесі жылы 19 наурызда өтуге тиіс. Александр Миленкевичтың сайлау алды сапарларына бүкіл елде бөгет жасалды. Текетірес дауыс беру күні жақындаған сайын күшеймек. Александр Миленкевич сайлау тағы бұрмаланса көшеге шығудан басқа амаламыз қалмайды, Украина халқының қимылын қайталаймыз, бейбіт революция арқылы Лукашенконың билігін құлатамыз деп отыр.
Демократиялық өзгеріс талабын Қырғызстанда жастар биыл ерекше айтты. Ақпан айында өткен парламенттік сайлау жаппай бұрмаланған соң көшеге алдымен жастар шықты, "Келкел" ұйымы ақпанда өткізген алғашқы демонстрацияға елу шақты адам ғана қатысты. "Келкел" ұйымының төрағасы Әлішер Мамасалиев жас серіктестерімен бүкіл Қырғызстанды аралап шықты, көп ұзамай Әлішер Мамасалиев бастаған жастар бүкіл елді қозғалтты. 24 наурыз күні халық үкімет үйын басып алғанда Әлішер Мамасалиев жастарды бастады. Ақаевтың билігі кезінде Әлішер Мамасалиев сияқты күрескерлер бір үйде екі қонбай, тәулігіге төрт сағат ғана ұйықтап, милициядан тығылып жүрді. Әлішердің қайраткерлігін ата-анасы мен туыстары қабылдамай жүрді. Дегенмен, Әлішердің ісі оң болды. Әлішер ендігі мақсатын Қырғызстанды өркениетті елдер қатарына қосу деп біледі.
Қырғызстанда 2005 жылы ерлік танытқан ең мықты азамат деп "Келкел" ұйымының төрағасы Әлішер Мамасалиев аталып отырса, Өзбекстан қоғамын оятқан тұлға үй шаруашылығын қарап отырған қарапайым келіншек, 33-жасар Махбұба Зокирова. Мамыр айында Әндіжанда халық көшеге шығып, саяси талап қойды. Үкімет болса әскер жолдап, халыққа оқ атқызды. Демократяилық ұйымдар мұның салдарынан жүздеген бейбіт адам өлтірілді дейді. Ислам Кәрімовтың үкіметі 187 азамат қаза тапты, оның көпшілігі исламшыл жауынгер дейді.
Әндіжан қасіреті жаппай соттарда тағы қайталанды. Қақтығысты қоздырды, үкіметке қарсы шықты деген айыппен 150 азамат сотталып кетті, ондаған адам соттарын күтіп жатыр. Әндіжанда жаппай өлтіру болды деп Жоғары сотта бір күәгер мәлімдеме жасай алды. Бұл – қарапайым келіншек Махбұба Зокирова. Адамдар оққа ұшырап топырлап жерге құлап жатты, солдаттар бейбіт халыққа оқ атты деп Махбұба айтып жатқанында есі шыққан прокурор: "Сен неге былай айтасың, халыққа оқ атқан террористер емес пе?" деп әңгімені бұрмақ болды. Махбұба Зокирова бұлардың барлығы Әндіжан қаласының қарапайым тұрғындары еді, олар бір біріне қалай оқ атушы еді, олар өз аналары мен апа-қарындастарына қалай оқ атушы еді деп ресми Ташкенттің нәсихатын төңкеріп тастады.
Махбұба – қарапайым келіншек, төрт баласын бағып отырған ана. Оның күйеуі базарда сарымсақ сатады. Махбұба Әндіжан қырғыны жайында айтқан сөзім үшін түрмеге отыратын шығармын деп қорықты. Бірақ ол үйіне аман-есен оралды. Сотта айтқан сөзіне Махбұба өкіне ме екен?
- Мұны білмеймін. Мүмкін олар түсінер, бүгін болмаса да ертең анығына жетер. Әр адамның ес ақылы бар, әр кім өзіне өзі адал болу керек. Мен ойымда бар нәрсені қорықпай айттым.
Қоғам жұмысын қауіпті жағдайда атқарып, осы тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2005-те көзге түскен басқа да әйел азаматтар бар. Чешенстанда өміріне қауіп төнген жағдайда адам құқықтарын қорғаушы белсенді Лидия Юсупова жұмыс істейді. Лидия – "Мемориал ұйымының жергілікті өкілі, ол соғыс қылмыстары құрбандарының жағдайын бес жыл бойы қағазға түсіріп келеді. Сербияда осындай қиын шаруаны Наташа Кандич деген әйел атқарады. Наташа Кандич соғыс қылмыскерлерін іздестіріп, оларды БҰҰ сотына тапсыру жұмысына қатысады. Бұл да өте қауіпті қоғамдық қызмет.