Түркияда құс тұмауына шалдыққандардың бірі Гүлтен Йешилырмак өзінің дертті қалай жұқтырғанын былайша айтып берді:
«Тауықтарым өліп қалғаннан кейін оларды қолыммен алып тастай салған едім. Сәлден соң тамағым ауыра бастады, ыстығым көтеріліп, басым ауыра бастады. Біразға дейін шыдадым, одан кейін ауруханаға келдім», - дейді Түркияның орталығындағы Сиваш аймағының тұрғыны Гүлтен Йешилырмак.
Өткен аптада апалы-інілі екі бала Түркияның шығысындағы Ван өлкесінде құс тұмауынан қайтыс болған еді. Олар құс тұмауы дертінің Оңтүстік-шығыс Азия мен Қытайдан тысқары жердегі алғашқы адам құрбандары аталды. Дәл осы отбасындағы тағы бір бала да сәлден кейін қайтыс болды. Мамандар оның құс тұмауынан көз жұмғанын әлі растауы керек.
Бұл екі арада, Қытайда құс тұмауынан тағы екі адам қайтыс болды. Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының мәліметтеріне сай, бүгінге дейін жалпы әлемде құс тұмауы дертінен жиыны 78 адам қайтыс болды.
Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымы бүгінгі мәлімдемесінде Түркия дерттің одан әрмен таралуына шектеу қою шараларын дұрыс жүзеге асырып жатыр деп атап өтті. Алайда, Түркиямен көршілес елдерде құс тұмауы дертінің шығу қаупі әлі де жоғары дейді Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының Түркиядағы уәкілі Гюнэл Родиер:
«Ауылды жерлерде Түркияға ұқсас жағдайы бар аймақтағы кез келген елде бұл дерт хайуанаттар арасында да, адамдар арасында да тарауы мүмкін, соған сай бұл тұрғыдағы бақылау шараларын күшейткен дұрыс болар еді және құстар арасында дерттің тарамауына қажет шараларды да жүзеге асырған абзал».
Соңғы хабарларға қарағанда, Түркияда ағалы-інілі бес және төрт жасар екі сәбидің құс тұмауы дертін жұқтырғаны анықталған. Алайда, бұл екі балада аурудың белгілері мүлде жоқ. Аңқара ауруханасында жатқан екі сәбиді қазір Әлемдік Денсаулық Сақтау ұйымының уәкілдері де бақылауда. Ұйымның Түркиядағы өкілі бұл балалардың мысалы құс тұмауы дертінің адамға қалай әсер етуі мүмкіндігін тікелей зерттеп көруге мүмкіндік беріп отыр деді.
Осыған ұқсас зерттуеді Вьетнамда швед ғалымдары өткізген болатын. Кеше американдық дәрігерлік басылым The Archives of Internal Medicine-де жариялаған мақаласында Стокгольмдағы Каролинска Институтының мамандары құс тұмауының белгілері кей адамдарда байқалмауы мүмкін және соған сай дерттің адамдар арасында кеңірек тарауы мүмкін екенін анықтағаны туралы баяндаған.
Осы зерттеуді өткізген мамандар тобының жетекшісі Анна Торсон әлі де қосымша зерттеулердің қажеттігін айтады. Алайда, қазіргі жағдайда бұл хабардың жақсы және жаман жағы бар дейді ол:
«Жақсы жағы – бұл құс тұмауының H5N1 түрі әрдайым адамның ауруға шалдығуына алып келеді деген пікірді жоққа шығарып отыр. Ал жаман жағы – бұл вирустың адамда болатын гриппен араласып, адамнан адамға жұғуы мүмкін жұқпалы вирустың жаңа түріне айналуы да ғажап емес екенін білдіреді».
Мамандар құс тұмауы мутацияға түсіп, адамнан адамға жұға алатын жағдайға жетсе, бұл дерт әлемдік деңгейде миллиондаған адамның өліміне алып келуі мүмкін деп ескертіп келеді.