Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов көптеген кедергілер мен қиындықтарға қарамастан қамауда жатқанда да саяси қызметін тоқтатқан жоқ. Сол себептен, ол шартты түрде бостандыққа шыққаннан кейін де сол позициясынан таймайды дейді оның саяси серіктерінің бірі, экc-сенатор Зәуреш Батталова:
- Ол - «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының мүшесі. Ол қоғамдық жұмыспен сотталса да айналысып жүрді. Сұқбаттар берді, мақалалар жазды. Сондықтан, «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының мүшесі ретінде жұмысын жасаған. Сол ісін ол әрі қарай жалғастыра бермек.
Оның пікірінше, Ғалымжан Жақиянов енді Қазақстан оппозициясының басын біріктіретін бірегей лидерге айналады:
- Ғалымжан демократиялық оппозицияны біріктіре алады. Онымен нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіншілігі көп және сондай жұмыс жасайды деп ойлаймын.
Әйтсе де, парламент депутаты Уәлихан ҚАЛИЖАН мұндай қорытындыға күмәнмен қарайды. Себебі, Қазақстан оппозициясының жетекшілігі бұған дейін ауызбіршілігімен ерекшеленіп көрген жоқ дейді депутат Уәлихан Қалижан:
- Қазіргі оппозициядағы басшылар Жақияновты әкеліп, өздеріне тірек етуі не болмаса оның ең жоғарғы деңгейіне қою-қоймауы белгісіз. Себебі, бүгінге дейін бәрі теңтөраға болып, лидерлігін алып қоя ма деп жүрген кезде Жақияновқа билікті бере салатынына көзім жетпейді. Сондықтан, Жақиянов алда келе жатқан Мәжіліс сайлауында оппозицияның бір серкелерінің бірі болатын шығар.
Оған қоса ол Ғалымжан Жақияновты қоғам қайраткері деп санамайды. Себебі, ол қылмысы ісі үшін сотталған болатын. Оның еркіндікке шығуы да құқық шешім болды дейді депутат:
- Біріншіден, ол саяси қызметі үшін сотталған жоқ қой. Заңға сәйкес өзінің белгіленген мерзімінің жартысын өтеді. Егер сот шешім қабылдап, оны бостандыққа шығарса, онда ол Қазақстанның құқықтық ел болып орныққанын көрсетеді.
Әйтсе де, саясаттанушы Берік ӘБІДҒАЛИЕВ Павлодар облысының бұрынғы әкімі әрі Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы жетекшілерінің бірі Ғалымжан Жақияновтың сотталуынан бастап еркіндікке шығуы тек саяси шешімдер болды дейді:
- Бұл толық саяси процесс болды. Оны соттаудың өзі сайлауға жібермеудің бір амалы болы. Енді қазір сайлаудан соң оппозицияның Ғалымжан Жақиянов келсе де бірігіп кете қояры күмәнді. Сол себептен, билік халықаралық қауымдастық пікірін де ескеріп, оған қоса өзіне де, саяси ахуалға да ешқандай қауіп төнбейтінін түсініп, оны жіберді. Ол оппозицияның бұрынғы лидерлерінің бірінің қайта саяси белсенді қызметке араласуы негізінен оның оппозиция лагеріндегі басқа әріптестерімен қалай қарым-қатынас орнататындығына байланысты болады дейді:
- Қазақстандағы оппозицияның бірігу процесі толық аяқталған жоқ. Егер «Нағыз Ақ жолдағылар» оны қолдаса, Тұяқбайдың маңындағылардың қалай қабылдайтыны белгісіз. Оппозицияның сана-сезімі толық жетіп, жаңа күрестерде Жақияновтың маңында топтасқандары дұрыс.
Ал адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының жетекшісі Евгений Жовтис Жақияновтың 3 жарым жылдан кейін шартты түрде бостандыққа шығуы тек құқық шешім, яғни, билік заң талаптарын орындады дейді.
- Оппозицияның көрнекті лидерлерінің бірінің еркіндікке шығуы әлбетте қоғамдық өмірге айтарлықтай әсер етеді. Бірақ басты мәселе – президент сайлауынан кейінгі қазіргі жағдайда Қазақстанда қандай саяси ахуал болмақ? Радикалды оппозиция мен коструктивті оппозиция қалай әрекет етпек? Ал осы екі ортада ғалымжан Жақиянов өз орнын белгілемек. Оны уақыт көрсетеді, - дейді адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис.
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов 2001-ші жылы қараша айында сол кездегі бірнеше жоғарғы лауазымды азаматтармен бірге Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысын құрған болатын. Алайда, көп ұзамай ол басқа құрылтайшылармен қатар қызметінен босатылды. Ал 2002 жылы тамыз айында мемлекеттік қызметін асыра пайдаланды деген айыппен сот үкімімен жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады. Алайда, Ғалымжан Жақияновты бірқатар адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар саяси тұтқын деп таныған.