Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері сейсенбі күні Лондонда кездесіп, екі ел президенттерінің арасында алдағы айдың басында талқыланатын Таулы-Қарабах мәселесі бойынша болатын келіссөздерге дайындық жүргізеді. Президенттер Роберт Кочарян мен Ильхам Алиев ақпан айының басында кездеседі деп жоспарланып отыр. Армения сыртқы істер министрі Вартан Осканян мен Әзірбайжан сыртқы істер министрі Елмар Мамадияровтың бұл кездесуіне Қарабах мәселесін реттеуге күш салып жүрген ЕҚЫҰ-ның Минск тобы жетекшілері демек, Франция, Ресей және Құрама Штаттар өкілдері қатысады.
Бұл ЕҚЫҰ-ның арағайындық жүргізуші өкілдері мұндай прогрестерден кейін, Қарабахтағы даулы мәселе осы жылы шешімін тауып қалар деген өз үміттерін жеткізіп отыр. Олардың өткен айда Солтүстік Кавказ аймағына жасаған сапарлары барасында, Қарабах қақтығысының түйіні 2005 жылда шешіле бастайтындай ілгері жылжушылықтың бар екенін және 2006 жылы осы жанжалды реттейтін келіссөздерге жол ашылатын мүмкіндіктер болар деген оптимистік ойларын білдірген еді.
Арменияның сыртқы істер министрі Вартан Осканян желтоқсанның 15-күні Ереванда журналистерге берген сұхбатында, бұл үміт сәулесін тудырған жағдай алдағы жылы осы мәселені реттейтін айтарлықтай оң өзгерістер болды деп айтты. Осы бағыт жалғасын тапса, 2006 жылдың басында жаңа құжаттың жарық көру мүмкіндігі болатын атап өткен Армения сыртқы саясат мекемесінің басшысы. Бірақ, Осканян ол нақты қандай құжат болуы мүмкін дегенге түсінік бермеді, дегенмен Минск групп теңтөрағаларының бірі Юрий Мерзляков желтоқсанның 21-күні әзірбайжандық ақпарат агенттігіне айтқанында, қазірде теңтөрағалар шиеленісті шешу үшін негізгі принциптерді тізіп шығатын екі беттік құжат жасап жатқанын жеткізген. Оның сөзіне қарағанда, ол құжатқа екі тарапта өз келісімдерін беруі керек.
Ал, 29-шы желтоқсанда әзірбайжандық day.az Интернет-парақшасы Мерзляковтың Ассоушейтед пресс ақпарат агенттігіне айтқанын келтіріп, онда Армения президенті Роберт Кочарян мен Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев 2005 жылғы мамыр айында Варшавадағы кездесулері мен тамыз айындағы Қазан қаласындағы кездесулерінде осы Таулы-Қарабах мәселесін шешу үшінгі негізгі принциптерді талқылады деген.
Минск тобы теңтөрағаларының бірі Юрий Мерзляковтың айтуынша, бұл президенттердің алдағы саммиті бейбіт келісімге әкелетін осы принциптерді реттейтін құжатты аяқтауға жол ашады. Сол құжат сосын сыртқы істер министрлерінің бұл жеке мәселелерді жақынырақ әрі егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді. Әзірбайжан сыртқы істер министрі Елмар Мамадияров та өз кезегінде Бакуде журналистерге желтоқсанның 22-сінде берген сұхбатында, бұл мәселені реттеу жолында тоғыз түрлі негізгі принцип бар екенін айтқан. Оның бірі - халықаралық бітімгершілік күштердің орналасуымен қатар, Әзірбайжан аймағын басып алған Армения әскерлерін ақырындап шығару болып отыр. Бұл тұста Юрий Мерзляковтың сөзіне қарағанда, ондағы әскери күштердің саны 10 мың болуы мүмкін, және әділеттік мүдделеріне сәйкес олардың қатарына Ресейдің және АҚШ, Франция немесе Түркияның құрамасы енбеуі тиіс.
Әзірбайжанның ресми өкілдері “өтпелі кезең” деп аталатын бұл келіссөздердің басталуында өз аймақтарынан Армения әскерлері шығарылмайынша, талқыланып жатқан Таулы-Қарабах Республикасының ақырғы мәртебесін анықтау тұрғысында ешқандай шешім қабылданбайды дегенді айтумен болды. Сонымен қатар, Әзірбайжан елі Қарабахқа Әзірбайжан ішінен “жоғары дәрежелі автономия” беруден басқа қандай да бір мәртебе ұсынудан бас тартуын жалғастырып келеді.