Европа Одағының Ресейге, оның ішінде әсіресе Шешенстан мәселесіне байланысты саясатына орай ЕвроКомиссия мен ЕвроОдақтың ресми қызметкерлері жасаған мәлімдеме EвроПарламентте қызу айтыс тудырды.
Европа Одағының сыртқы байланыстар бойынша комиссары Бенита Ферреро-Валднер мен Европа Одағындағы кезек бойынша алмасып отыратын төрағалықты қазір ұстап отырған Австрия Сыртқы İстер Министрінің орынбасары Ганс Винклер-дің қалыптасып отырған жағдайға байланысты ЕвроПарламент алдындағы қалыпты есеп беру отырысы қатаң айтысқа ұласты.
Шешенстандағы теке-тірестің әлі де бүтін аймақтағы тұрақсыздықтың себебі боп отырғанын атап өткен Винклер Европа Одағының бұл тұрғыда Ресейге деген "ескертулері" бар, Одақ аймақтағы қарапайым халықтың ауыр әлеуметтік жағдайына орай Ресейге сын айтты деп мәлімдеді.
Ферреро-Валднер ханым болса, Европа Одағының бұрыннан айтып келе жатқан қылмыстылардың бәрі жауапқа тартылуы керек деген талабын тағы қайталады:
"Шешенстанда қауіпсіздік тұрғысында біраз ілгерілеулер бар тәрізді десек те, қылмыс жасағандардың жауапқа мүлде тартылмау жағдайлары әлі де қалып отыр. Адамдардың жоғалып кетуі, азапталуына байланысты кез келген оқиға толығымен тергелуі тиіс, ал бұл қылмысты жасағандар, олардың қатарында құқық қорғау орындарының қызметкерлері боп табылатын қылмыскерлер де, жауапқа тартылуы керек".
Европа Одағының сыртқы байланыстар бойынша комиссары Бенита Ферреро-Валднер, сондай-ақ, Шешенстанда өткен жылы заң шығару орындарына өткен сайлауларды да атап өтті. Сайлау барысын шетелдік бақылаушылар қадағалай алмағанымен, дауыс беру барысында қақтығыстардың болмауы игі өзгеріс болды дей келе, Ферреро-Валднер ханым Еуропа Одағы бұл сайлау тұрақтылық пен демократияға қарай жасалған қадам болады деп үміттенеді деді.
ЕвроКомиссия мен ЕвроОдақтың аталмыш екі ресми қызметкері Ресейде үкіметтік емес ұйымдарға байланысты қабылданған соңғы заңнамаға орай алаңдаушылық білдіре келіп, Еуропа Одағы осы мәселелерді Ресей ресми қызметкерлерімен арада наурыз айында өтетін ортақ кездесу барысдында көтеретінін мәлімдеді.
Алайда, EвроПарламент депутаттары екі ресми қызметкердің мәлімдемесін тым "дипломатиялық" деп атап, оны қатты сын астына алды.
Британиялық социалистер өкілі Ричард Хоуит Ресейде үкіметтік емес ұйымдарға байланысты қабылданған соңғы заңнамаға ерекше назар аударған детутаттардың бірі болды.
"Сөзімді Президент Путинның күні кеше үкіметтік емес ұйымдарды қадағалау астына алатын заңнамаға қол қойғанына орай өкініш сезімінен бастасам болар ма екен. Дәл осы сәтте Ингуш Жоғарғы соты Бейбітшілік Пен Қауымдастық Даму Орталығы атты Британдық қайырымдылық жәрдем көрсету ұйымын тіркеуден бас тартты. Бұл ұйым мыңға тарта босқын шешен балаларына қайырымдылық жәрдем көрсетіп келген еді", - деді EвроПарламент депутаты Ричард Хоуит.
Хабарларға қарағанда, Ингуш соты ендігі бір үкіметтік емес ұйым – американдық Халықаралық Дәрігерлік Корпус-тың да әрекеттеріне шектеу қойғалы отыр.
EвроПарламент депутаттары Одақтың Шешен сайлауларына байланысты ұстанып отырған көзқарасын да қатаң сынады. Белгиялық Жасылдар партиясының өкілі, депутат Барт Стаес мұндай сайлауды игілік нышаны деп атау "ұят" деді. Эстониялық консерваторлар өкілі, EвроПарламент депутаты Тунне Келам сайлаулар тек "қағаз жүзінде" өтті, дауыс беруге жергілікті тұрғындардың көбісі қатыса алмады, алайда мыңдаған Ресей әскерилері дауыс берді деп мәлімдеді. Ал Германиялық Жасылдар партиясының өкілі Милан Хорачек болса, Шешенстандағы шынайы жағдай жөнінде хабар беріп келген үкіметтік емес ұйымдар енді аймақтан ығыстырылып жатыр деді.
EвроПарламент депутаттары Одақ жетекшілігін тек наразылықпен шектелмей, нақты қадамдарды қолға алуға шақырды. Eвропалық Парламент ЕвроОдақтың сыртқы саясатына тікелей әсер ете алмайды. Алайда, Парламент мінберлеріндегі пікірталас жалпы Европа Одағындағы халық пікіріне қатты әсер ететіні жасырын емес.