Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңбері тағы бір постсоветтік мемлекет арқылы кеңейді. Яғни, Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан, Тәжікстан елдері қатарына Өзбекстан қосылуға пейілді екенін білдіріп, қаңтрадың 25-і күні Санкт-Петерборда өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастық саммитінде тиісті хаттамаға қол қойды. Дәлірек айтқанда хаттама саны екеу. Бірі - Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа кіруі туралы болса, «екіншісі қауымдастықтың құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкері Сұлтан ЖАНАЙДАРОВ.
Өзбекстанның экономикалық қауымдастыққа кіруі мәжбүрлі қадам болды деп есептейді халықаралық экономикалық қарым-қатынас маманы, экс-дипломат Болатхан Тайжан:
- Өйткені, Өзбекстандағы қазіргі режимнің сақталуына ең алдымен Ресей мүдделі. Егер бұрынғы отар елдерінде демократия күшейе берсе, онда Ресейдің ол елдерге ықпалы да соғұрлым әлсірей бермек.
Алматыда орналасқан Ұлттық саяси зерттеу орталығының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов Еуразиялық қауымдастықтың кеңеюін Ресейдің Орталық Азиядағы позициясының нығая түсуі деп бағалайды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық ұйымын кеңейту арқылы авторитарлы ел басшылары АҚШ-тың ықпалын азайтуға талпынып отыр дейді саясаттанушы:
- Әндіжандағы оқиға, Қазақстандағы сайлау, АҚШ-тағы Буш әкімшілігінің әлсіреуі Ресейдің бұл аймақта күшейе бастағанын аңғартады. Оған қоса бұрынғы совет елдерінде экономикалық өсу байқалады. Бұл өз кезегінде олардың интеграциясы күшейетіндігін білдіреді. Бір жағынан Әндіжандағы оқиғадан кейін Өзбекстан Батыстан, АҚШ-тан оң көзқарас болмаған соң, енді Ресеймен қарым-қатынасын күшейтіп жатыр. Жалпы мұның барлығы - АҚШ-тың ықпалын күшейтпеу үшін азғантай қарсылық.
Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа Өзбекстанның кіруі оның қызметін жандандыруға еш септігін тигізбейді. Сондықтан, қауымдастық құрамындағы елдердің саны артқаннан жұмыс сапасы жақсармайды деген пікір айтады Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев.
- Өзбекстанның экономикалық жүйесінің өз ерекшелігі бар екенін бәрі біледі. Оған қоса, өкінішке орай, Ислам Кәрімов және елдегі саяси элита ашық нарықтық жағдай туғызуға құлықты емес. Сол себептен, Өзбекстанның экономикалық қауымдастыққа кіруі интеграциялық процестерді жеделдетеді дегенге күмән келтірем. Геосаяси тұрғыдан алғанда, бұл ең алдымен Ресейге тиімді. Ол Өзбекстанды өзінің саяси-экономикалық жобаларына матап қойғысы келеді, - дейді саясттанушы Досым Сәтпаев.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық саммиті аясында бұрынғы совет елдері басшыларының бірқатар кездесулері өтуде. Мысалы, егер қаңтардың 24-і күні Ресей президенті Владимир Путин мен Белорусь президенті Александр Лукашенко кездессе, қаңтардың 25-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Владимир Путинмен кездесуі жабық есік жағдайында өтпек дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілік қызметкері Сұлтан Жанайдаров:
- Олар екі хаттамаға қол қояды. Біріншісі – ядролық қуатты бейбіт мақсатта пайдалану жөнінде, екіншісі – Қазақстан мен Ресейдің кеніштерді игеру дербес құқығын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі түбінің солтүстік бөлігін бөлу бойынша уағдаластыққа толықтырулар мен өзгерістер енгізу. Бұл уағдаластық Каспий теңізі түбіндегі ресурстарды игеру бойынша екі ел арасындағы басты принциптер мен құқықтық негіздерді анықтайды. «Құрманғазы», «Центральная», «Хвалынское» көмірсутегі кеніштерін Қазақстан мен Ресей бірлесе игере бастайтын болады, - дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілік қызметкері.
Бұған дейін дау тудырып келген бұл кен орындарындағы кеніштерді енді екі елдің бірлесе игеруі екі жақ үшін де тиімді болмақ, дейді Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі Досым Сәтпаев:
- Қазақстан Ресей инвесторларының Каспий аумағында жұмыс істеуіне өте мүдделі. Себебі, еліміз алдағы жылдары Каспийде мұнай шығаруды арттырып, оны тасымалдауды жандандыруды көздеп отыр. Ал бұл Ресеймен белсенді түрде байланыс орнатпайынша мүмкін емес. Ресей болса, Каспий теңізінде орныққысы келеді. Ресей бизнесмендеріне де Сібір, Таяу Шығыста жаңа кеніштер игеру тиімсіз. Өйткені, онда бір жағынан салық жоғары болса, екінші жағынан географиялық қолайсыздыққа байланысьы жұмыс жағдайы ауыр. Сондықтан, Каспий кеніштерін бірлесе игеру екі ел үшін ұтымды болмақ, - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық саммиті аясында сонымен бірге «валюта базарын интеграциялау саласындағы ынтымақтастық», «сыртқы шекарада дағдарыс жағдайы қалыптаса қалғанда шекаралық мекемелердің өзара іс-әрекетттері» туралы уағдаластықтар жобасы қаралмақ.