Accessibility links

2006 жылдың қысы ерекше аязды болып тұр


Қаңтар айы Ресейден бастап Европаның көп тұрғынын бұрын-соңды болмаған қатты аязымен қалтыратып, мұндай қысты көрмеген кей жұртты есеңгіретіп-ақ тастады. Ауа-райы температурасының осыншалықты төмендеуі ғаламдық климаттың өзгеріп бара жатқанын көрсете ме?

Алдымен айта кетуге болады, Австриядан Оралға дейінгі тіршілік иесін түгел қалтыратқан қатты аяз бұл аптада да қайталанды. Біздің тілшіміз Герамнияның астанасы Берлинде кездестірген мына бір турист жігіт өзінің қалайда жылы болу үшін қанша қабат киініп алғанын былайша суреттеп берген екен:

- Екі свитер және қалың куртка, қос бірдей футболка, қос шалбар және екі жұп жылы шұлық....

Және бір назар аударарлық жайт, қыстың қатты суығы тек адамдарға ғана әсер етіп қойған жоқ. Мысалы, Германияның Чехия шекарасына жақын жатқан қалаларының бірі – Дрезденде 24 қаңтар күні зоологиялық бақтың қызметкерлері мұндағы жан-жануарлардың бірқатарын жабық ғимараттың ішіне, жылылау орынға кіргізуге мәжбүр болған, олардың ішінде пингвиндер де бар. Мұнда ауа температурасы Цельзия бағанымен минус 21 градусты көрсеткен. Сондай-ақ, аязды күндер әкелген қайғылы жайттар да аз емес.

Түрлі ақпарат құралдары хабарлап жатқандай, көптеген елдерде қатты суық салдарынан үсікке шалынып, опат болған адамдар аз емес. Әсіресе, мұндай кездері үйсіз-күйсіз, баспанасыз жағдайда қалған тіршілік иелері үшін қиын екендігі даусыз. Мәселен, өткен аптада Ресей мен Украина елдерінің әрқайсысында 50 адамнан суықтан үсіп өлген. Польшада аязда үсіп өлгендер саны 40-қа жеткен. Сонымен қатар Румыния, Чехия республикасы мен Түркия елдерінде суықта опат болғандар тіркелген.

«Азаттық» радиосының тілшісі Володимр Притула Қырымдағы қатты аяз мұндағы елдің бәріне күтпеген қиындықтарын да ала келді деп хабарлайды:

- Қырымдағы қалалардың бәрінде де көгілдір отын жетіспеушілігі турасында хабарлар түсіп жатты, ыстық судың тоқтап қалғаны, жылусыз қалғандар жөнінде ақпараттар көп естілді. Мұндай қатты аязды күндер қаңтардың 31-іне дейін сақталатын түрі бар, одан кейін ақпан айының алғашқы күндері де қатты суықтың беті қайтпайды дейді ауа-райын болжаушылар.

Қаңтардың сақылдаған сары аязы алып келген қиншылықтармен күресе отырып, баспанасы бар жұрттың жылусыз, отынсыз қалмауын қарастырған билік өкілдерінің, сондай-ақ әрбір қалада аз кездеспейтін тұрақты мекені жоқ, қаңғыбас болып кеткен жандарға қолұшын беріп, оларды суықта үсіп қалудан сақтайтын шараларды қарастырып жатқаны аян. Мысалы, Латвия астанасы Риганың орталығында қала әкімшілігі үй-күйсіз жүрген жандар түнеп шығатын арнайы орталық ашқан. Прагада баспанасыздарға арнап көшелерде жылы палатка-күркелер орнатып, асханалар ашқан. Польшада кәсіпорындар жұмыс күндерін қысқартып, жылы ғимараттарды баспанасыз жандарға уақытша мекен етіп, тіпті кейбірін аурухана ретінде уақытша жабдықтаған.

Сонымен, ауа-райының мұншалықты өзгеруі - жаздыгүні қатты ыстық болып, қыста осыншалықты аязбен қысуын біз ғаламдық ауа-райының жылынуынан деп күтуіміз мүмкін бе?

Біздің тілшіміздің бұл сауалына берген ғалымның жауабына қарағанда, олай емес көрінеді. НАСА ғарышты зерттеулер институтының климат – ауа-райы сарапшысы Гэвин Шмидтің пікірінше, ғаламдық жылыну шындығында жеткілікті, бірақ адамдар ауа-райының кез-келген құбылыс, өзгерісін онымен байланыстырмау керек.

- Ғаламдық жылыну ол шындығында феномен. Ғалам жылынып келеді. Мұзды теңіздер еріп барады. Мұхиттың температурасы жылынып барады.Әр жыл сайын көктем де ертерек шығатын болған. Бірақ бұл ауа-райында орын алған әрбір жекелеген жайт мұнымен байланысты деуге келмейді. Әсіресе, Еуропада байқалған немесе осы қыс барысында болып тұрған бұл қатты суық ауа-райына әсер ететін атмосфералық жоғарғы қабаттың қозғалысы, -дейді ғалым.

Шмид сонымен қатар кейбіреулердің бұған дейін айтқанындай, ғаламдық жылыну процесі температураның қатты толқуына-өзгеруіне әкеледі деген идеяға да өзіндік күмәнмен қарайды. Ғалымның мұндай күмәнін деректер де дәлелдей түсетін тәрізді. НАСА инстиуты осы аптада өткен 2005 жылдың ең жылы жыл болғандығын айтқан, соған қарағанда ғаламдық жылыну турасындағы нақты жазбалардың бір ғасырдан астам уақыт бұрын басталғанын көруге болады. Ал Мәскеудегі метро тазалаушысы Надежда есімді бір әйел елдің жаппай суық деп шулап жүргеніне өзінің түсінбейтіндігін, мұның қалыпты жағдай екендігін айтады.
XS
SM
MD
LG