Биылғы жылы Давоста қызу талқыланған тақырыптардың бірі Қытай тақырыбы болды. Үкіметтік қызметкерлер мен бизнес жетешілері осыншама қарқынмен дамып келе жатқан Қытайдың алған бағыты қандай, бұл жолда оның алдынан нендей бөгесіндер шығуы мүмкін және алып экономикалық қуатқа айналып отырған бұл елмен әлем алдағы он жылда қалай тіл табысады деген мәселелерді өзара талқылады.
Елдің экономика саласындағы табыстарының бір көрсеткіші ретінде мамандар Fortune журналының жыл сайынғы әлемдегі ең үздік 500 компания тізіміне осы елдің қанша компаниясы ілінгенін атайды. Бүгінгі таңда бұл тізімге 16 Қытай компаниясы еніп отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын тізімде Қытай компаниясы атымен болмаған. Ал 2010 жылға қарай, Қытай ресми қызметкерлерінің үміттенуінше, тізімде 50 Қытай компаниясы болады.
Десе де, халықаралық «Bain and Company» кеңес беру фирмасының төрайымы Орит Гадейш бейсенбі күнгі Давостағы талқылаулар барысында мұндай тізім экономикалық табыстың көрсеткіші болуы екіталай дегенді айтты.
«Бұл Қытай алдағы төрт жылда әлемдегі ең ірі деген 34 компанияны тізімнен ығыстырып шығады дегенді білдіреді ғой. Алайда салыстырып көріңіз, Үндістанның бұл тізімде бес компаниясы, Ресейдің үш компаниясы ғана бар», - дейді Орит Гадейш.
Қытай компанияларының даму барысын жиналғандарға Қытай Орталық Банкісінің төрағасы Джоу Щиаочуан түсіндіруге тырысты.
«1980-ші жылдары Қытай компаниялары дәстүрлі, орталықтан жоспарланған экономикадан бас тартып, нарыққа бейімделуге тырысты. 1990-шы жылдары көптеген Қытай компаниялары құрылымдық өзгерістер енгізуге тырысты, ел ішінде, яки халықаралық деңгейде компания иелігіне басқа тараптарды, көпшілікті тарта отырып, жаңа корпоративті басқару жүйесін үйренді. Ендігі жерде, менің ойымша, Қытай компаниялары әлемдік дәрежедегі бақталастыққа мұқтаж болып отыр», - деді Қытай Орталық Банкісінің төрағасы Джоу Щиаочуан.
Соңғы айларда Қытай компаниялары бірқатар шетелдік компанияларды өз қадағалауы астына ала білді. Бұл тұрғыда мамандар Қытайлық Lenovo компаниясының әйгілі IBM-ның жеке компютер жасау саласын толық сатып алуын еске салды. Құны 1 миллиард 500 миллион доллар бұл келісімнің нәтижесінде Қытай әлемдегі үшінші ең ірі компютерлік компанияға ие болды. Мамандар бұл қадамның ерекше басқадай маңызы да бар деп отыр.
Қытайдың әлемдік экономикаға әсері мәселесі сөз болғанда, мамандар Қытай жұмыс күшінің арзандығы әлемдік деңгейдегі жалақыны төмендетіп отырғанын, Батыстағы жұмыскерлерден жұмыс орнын тартып алып отырғанын, кей жағдайда тіпті ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты алаңдаушылық тудырып отырғанын да атап өтті.
Америкадағы ең ірі инвестициялық банктердің бірі Morgan Stanley-дің бас экономист маманы Стивен Роач бұл тұрғыда американдық Unocal мұнай компаниясын Қытай сатып алмақ болғанда американдық саясаткерлердің ұлттық қауіпсіздік мәселесін көлденең тартып бұл әрекетке шектеу қойғанын еске салды. Мәлім болғанындай, Европа елдері де Қытайдан келіп жатқан арзан киім-кешек импортына барынша шектеу қоюға тырып келеді. Стивен Роач осыған ұқсас экономикаға саясаттың тікелей араласу оқиғалары алдағы уақытта да болады деп есептейді.
«Мұны жақтырмауымыз мүмкін, экономист ретінде жек көруіміз де ғажап емес. Алайда, әлемдің дамыған елдерінде жалақы деңгейі мен жұмыс орны санын азайтып отырған ғаламданудың мұндай көріністеріне саяси көзқарастың бұлайша түс беруі бола бермек. Осыдан барып, жаңағы мысалымыздағыдай, Американың маңызды мүлкі есептелетін компанияны Қытайлықтар алмақ болғанда іске саясаткерлер араласатын болады», - дейді Америкадағы ең ірі инвестициялық банктердің бірі Morgan Stanley-дің бас экономист маманы Стивен Роач.