Лондондағы Қазіргі теңдік деп аталатын халықаралық әйелдер хұқы тобының директоры Джэки Хэнт БҰҰ құрылған 60 жылдың ішінде оның басшылық тізгіні ешқашан әйелдің қолына тиіп көрмегендігіне баса назар аударады. Оның айтуынша, қай кезде де бұл қызметке лайықты деген көптеген кандидаттардың болғанына қарамастан, бірде-бір әйел БҰҰ-ның Бас хатшылығына сайланбаған.
- БҰҰ әлемде лайықты бірқатар кандидаттар бар екендігіне жеткілікті мән бермеу салдарынан біраз жайдан ұтылып отыр. Біздің айтып отырғанымыз - келіңіздер, бар нәрсеге ашық қарайық, бірақ бұл әзірге дейін болмай тұр, бүкіл әлемде қандай білікті деген әйелдер бар екендігін көрейік және ең үздік дегенін таңдайық деп отырмыз, - дейді Д.Хэнт.
Джэки Хэнт «Азаттық» радиосына берген сұхбатында БҰҰ-ның қатарында әйелдердің азшылық екендігін айтады. Ол БҰҰ-ның басты міндеттері - теңдік пен бейбітшілікті дамытуға ұйым басшылығында әйелдердің жетіспеушілігі өз кедергісін тигізіп отыр деген ой түйеді.
- Жыл сайын Бас Ассамблея бұл аталған мақсаттарға әйелдерді көбірек араластыруға талпынған шешімдер қабылдайды. Осындай қимылдың негізі ретінде Бейжінде олар БҰҰ-ның жоғары лауазымды қызметтеріне әйел үміткерлерді тарту механизмдерін дамытуға шақырған болатын. Және олар 2000 жылдан бастап барлық жағдайда теңдік болуына шақырған.
БҰҰ-ның Бейжіндегі әйелдер турасындағы конференциясынан бері біраз жылдар өтсе де, БҰҰ сонда қойылған мақсаттарға жақындай қойған жоқ, дейді Қазіргі теңдік халықаралық хұқ тобы.
Өткен жылдың маусым айындағы деректерге қарағанда БҰҰ-ында министрлер орынбасарларының шамамен 16 проценті ғана әйелдер болғанын көрсеткен. Қазіргі теңдік тобының БҰҰ-ның бас хатшылығына кандидат болып сайлауға түсуге лайықты тәжірибесі мен біліктілігі бар әйелдерден жасаған тізіміне енгендер қатарында осы ұйымның бұрынғы ресми қызметкерлері мен бұрынғы министрлер, басқа да бұрын лауазымды қызметтерде болған белгілі тұлғалар бар.
БҰҰ-ның адам хұқтары жөніндегі бұрынғы Жоғары комиссары Луиз Арбур, БҰҰ-ның халық қорының бұрынғы атқарушы директоры болған Нафиз Садик, Нобель сыйлығының иегері болған әйелдер - барлығы 18 кандидат тізімге енгізілген. Хэнт мұның өзі көп әйелдер енгізілмеген азғантай ғана таңдау, талдау екендігін айтады.
БҰҰ-ның жоғары басшылығына әйелдер сайлануы керек деген қысым кең тарала бастаған шақта, хабарларға қарағанда, лайықты деген үміткерлермен интервью алулар да жүргізіле бастаған. Чатам үйіндегі БҰҰ-ның сарапшысы және Тәуелсіз дипломаттардың директоры Кэрн Роус былай дейді:
- Бұл өзі шындығында өте бір құпия процесс, шын мәнінде сайлаулар Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесімен жекелеген жүргізілетін кеңестің бірі ғана. Ал техникалық түрде алғанда оған қолдау көрсететін Бас Ассамблеяда дауыс беріледі. Ал шындығында бұл процеске кіретін БҰҰ-ның басшылығында қандай тұлға болуы керек дегенге ғажайып саяси келісім.
Осы айдың бас кезінде Лондон Таймс газеті БҰҰ-ындағы ағылшын елшісінің БҰҰ-ның бас хатшылығына сайланатын адам кім болса да мейлі, ол әйел болсын, мұнда реформалар жүргізе алатын және барлық жұмысты жауапкершілікпен атқара алатын болуы керек деген мазмұнда айтқан сөздерін келтірген болатын. Дегенмен де БҰҰ-ның сарапшысы Роус БҰҰ-ның келесі Бас хатшысы әйел болатындығына оншалықты мүмкіндік жоқ тәрізді дегенді айтады. Оның пікірінше Тeңдік хұқтар тобы ұсынып отырған кандидаттарға қажетті саяси қолдау жетіспейтін көрінеді. Осыны айта келе Роус түсіп жатқан ақпарат деректерге қарағанда, дәл қазір Азиядан шыққан, демек азиялық бір тұлғаның БҰҰ-ның келесі хатшысы болар кезі келген сияқты дейді.