Алматы ұлттық педагогика университетінің студенті Алма Асқарова электронды төлем карточкалары өте тиімді деп есептейді. Себебі, ол бір уақытта бірнеше шаруаны тәмамдай алады:
- Кез-келген жерде кез-келген соманы алуға болады. Бірақ, кедергілер де бар. Мысалы, банкоматтар өте сирек. Оған қоса банкоматтарда кезектер болады. Дәл кезегің келгенде ақша бітіп қалады немесе банкомат жұмыс істемей қалады.
Жақында карточкалар жүйесін жетілдірудің тағы бір амалы жүзеге аса бастады. 2005-ші жылдың соңынан бастап алғаш рет ұлттық «KazCard» банкаралық төлем карточкалар жүйесі жүзеге аса бастады. Мұны кейбір мамандар Қазақстандағы төлем карточка рыногының жаңаша даму кезеңінің басталуы деп бағалайды. Мысалы, осы жаңа жүйенің операторы «Ұлттық процессинг орталығы» кәсіпорнының қызметкері Жұмасейіт Хабулов «KazCard» жаңа технологиялар негізінде енгізілмек дейді:
- «KazCard» - «MasterCard» иесі болып табылатын жаңа заман талаптарына сай M/Chip4 технологиясын пайдалануға негізделген. Оған қоса бұған төлем қосымшасынан өзге басқа қызметтерді енгізуге болады. Қорғалу жағынан бұл халықаралық талаптарға сай. Себебі, чип карточкасы болғандықтан, магнитке қарағанда қауіпсіздік жағынан әлдеқайда жақсы.
«KazCard» ұлттық төлем карточкасы Қазақстанның барлық 32 банкіге бірдей арналған. Әйтсе де, әзірге төлем карточкасы жүйесіндегі жаңалықтың тұңғыш әрі жалғыз тұтынушысы – «Қазпошта» акционерлік қоғамы. «Бұл жобада барлық коммерциялық бактердің мүддесі біркелкі қамтылмаған» деген ойда бұрынғы қаржы министрі Ораз ЖАНДОСОВ.
- Бұл жобаға қатысты сауалдар көп. Мысалы, бұл жоба қаншалықты мемлекеттік болып табылады?! Себебі, мұнда жеке бизнестің мүддесі көрінеді. Бұл жобаны барлық коммерциялық банктердің мүддесі сәйкес келетіндей етіп жасау керек болатын. Ал мұнда ол жоқ. Жоба жоғарыдан келіп, оған тек Ұлттық банк мүдделі тәрізді, - дейді қаржыгер Ораз Жандосов.
Ал «Ұлттық процессинг орталығы» қызметкері Жұмасейіт Хабулов бұл жүйенің Қазақстан Үкіметінің қаулысымен жүзеге асып жатқанын алға тартты:
- Әрине, коммерциялық банктер өз мүддесін жүргізгісі келеді ғой. Бірақ, «KazCard» карточкасының мүмкіндіктері 2002-ші жылы шілде айындағы Үкімет қаулысымен бекітілген. Ал біздің ұлттық карточкаларымыз ол талаптарды толық қанағаттандырады.
Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылы «Қазпошта» 24 мың «KazCard» төлем карточкасын шығарып, 62 мың банкомат және 2 мыңнан астам POS-терминалдарын іске қосуды көздеп отыр. Әйтсе де, әзірге банкоматтың жетіспейтіндігі және төлем карточкаларының артық шығынға ұрындыратынын айтады экономист Қанат Берентаев:
- Карточка арқылы жасалатын әр операция үшін олар тым көп алады. Бұл зейнеткерлер үшін қолайлы емес. Егер барлық банктерге ортақ универсалды карточка жүйесі енгізілсе, онда қызмет көрсету шығындары да азаятын шығар. Одан кейін бюджет қызметкерлері мен зейнеткерлер шағын дүкендер мен базарларда сауда жасайды. Ал карточкалар тек үлкен сауда орындарын қамтиды. Сонан соң қазір сол бюджет қызметкерлері мен зейнеткерлер ақшаны карточкалар арқылы алады. Ал банкоматтарды жеткілікті деп айту қиын, - дейді экономист Қанат Берентаев.
Бүгінде Қазақстанда 2,33 миллион адам, яғни, халықтың 15 пайызы төлем карточкаларын пайдаланады. Ал пос-терминалдар қойылған сауда-қызмет көрсету орындар саны 2500 деп жобаланған. Бұл уақытта Қазақстан бойынша 50 мыңға жуық, бір ғана Алматы қаласында 9 мыңнан астам дүкен бар.