Негізгі әңгіме тақырыбының Иранның ядролық бағдарламасы мәселесіне ауысуына конференцияны ашып сөз сөйлеген Германия Канцлері Ангела Меркелдің дәл осы мәселеге ерекше назар аударуы түрткі болды.
Германия Канцлерінің айтуынша, Иран өз ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейді деп мәлімдегеніне қарамастан, Иранның атомдық қару жасау жоспары да бар деп күдіктенуге толық негіз.
"Иранның өз ядролық бағдарламасын одан ары дамытуына жол бермеуіміз тиіс, соны қалаймыз. Иран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаты ғана емес, әскери мақсаты да бар екені түсінікті. Иран межелі шектен асып кетті. Тағы бір айтарым, Иран президенті жасаған орынсыз араңдату мәлімдемелерінен кейін біз шара қолдануға тиістіміз", - деді Германия Канцлері Ангела Меркел.
Жиында Меркелден кейін сөз алған Американ Қорғаныс Министрі Дональд Рамсфельд атомдық қаруға ие Иранды террористтер де пайдалануы мүмкін деді.
"Бүгінгі күні Иран терроризмді қолдап отырған ең жетекші ел, - дей келе Американ Қорғаныс Министрі, - Иранның ядролық ел болуын әлем қаламайды және бұған жол бермеу үшін бірігіп әрекет етуіміз керек", - деп түйді.
Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігімен арадағы ынтымақтастықты толық доғарғанына қарамастан Иран өз ядролық бағдарламасы мәселесіне орай халықаралық қауымдастықпен арадағы келіссөздерге әзір екенін мәлімдеп отыр.
Жексенбі күнгі мәлімдемесінде Иран сыртқы істер министрлігінің уәкілі Хамид Реза Асефи уағдаластыққа әлі де қол жеткізуге болады деп атап өтті. Асефидің сөзінше, Иран өз ядролық бағдарламасына қажет уранды Ресейде байыту мәселесін келіссөздер барысында қарастырмақ. Мұндай келіссөздер ақпанның 16-сында өтуі тиіс.
Десе де, Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Иран Ислам Республикасы өз ядролық бағдарламасын дамытуына толық құқығы бар деген көзқарасынан бас тартқан жоқ деп отыр.
"Американ үкіметінің әсіре талаптарына өзіміздің анық жауабымызды береміз және біздің халық ядролық технологияға қол жеткізетінін көрсетеміз, біздің бұған толық құқығымыз бар", - деді Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки.
Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі сенбі күні Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің аясына шығару жөнінде уағдаласты. Алайда, наурыз айында Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі жасауы тиіс есепті баяндамаға дейін Қауіпсіздік Кеңесі қандай да бір қадамдарға бармайды деп келісілді.