Мұхаммед Пайғамбарды мазақ қылған деп бағаланған карикатураларға орай мұсылман елдерінде болып жатқан наразылық шерулерінің қатарында Ауғаныстандағы шерулер ерекше аталып отыр. Мұнда бүгін тағы да адам шығыны болған. Ауған ресми орындарының хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Забул уәлайатында, аймақ орталығы Қалат қаласындағы шеру кезінде төрт адам құрбан болып, тоғыз адам жарақат алған. Ауған әскері мен İшкі İстер министрлігінің хабарлауынша, тас лақтырған шерушілерді сабасына түсіру мақсатында қауіпсіздік күштері оларға қарай оқ атқан.
Ауған астанады Кабулда да наразылық шерулері болып өтті. Мұнда наразылыққа шыққандар "Дін жауларына өлім, Ислам жауларына өлім" деп ұрандаған.
Шерушілердің бірі бұл карикатураларды басып шығарғанда сөз бостандығын тілге тиек еткен Батысты сынға алды.
"Бұл не деген сөз бостандығы? Батыста әулие-әнбилерге тіл тигізу еркіндік деп саналады екен. Алайда, шын мәнінде еркіндік мұсылман халықтың дін-иманына көлеңке түсірмейтін нәрсе болуы тиіс", - деді шеруге шыққан Нұр Мұхаммед есімді адам.
Индонезия астанасы Джакартада Дания елшілігінің алдына шеруге шыққан студент жастар Данияның жалауын өртеген.
Иордан өзенінің батыс жағалауында жүздеген шеруші Хеврон қаласындағы халықаралық бақылаушылардың кеңсесіне шабуыл жасаған. Кеңседе бұл кезде 60 адам болған. Хеврондағы халықаралық бақылаушылардың кеңсесі қаладағы еврей мен палестиндықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне ондаған жылдан бері жәрдем беріп келеді. Хабарға қарағанда, араға Палестиндық полиция жасақтары араласқаннан кейін шиеленіс аяқталған, ешкім жарақат алмаған.
Исламдық Конференция ұйымы, БҰҰ және Европа Одағы мұсылман қауымның ашу-ызасын басу мақсатында біріккен диалог-мәслихат өткізу үндеуін жария етті.
Бұл екі арада, Ирандағы ең ірі газет 2-ші Дүниежүзілік соғыс кезінде еврей ұлтының басына түскен зұлмат Холокостты әжуалайтын карикатураларға жарыс жариялады. Хамшахри газеті бұл жарысқа шетелдік карикатуристтерді де шақыратынын хабарлаған.
Бұл қадам Американ Мемлекеттік Департаментінің ашу-ызасын тудырды. Германияда Еврей Орталық Кеңесінің Президенті Пол Шпигель Иранның бұл әрекетіне теріс көзқарасын танытты. Ол, сонымен қатар, Мұхаммед Пайғамбарды әжуа еткен карикатураларды да қатаң сын астына алып, бұған моральдық жағынан да, этикалық жағынан да жол берілмеуі керек еді деді.
Ресей Президенті Владимир Путин бүгін Испания телеарнасына берген сұхбатында осыған ұқсас көзқарас танытты.
"Бұл салада қандай да бір арандатуға мүлде жол жоқ. Бір нәрсені басып шығарудан, жасаудан, яки салудан бұрын жүз рет ойланып көру керек", - деді Ресей Президенті Владимир Путин.