Қысқы Олимпиада ойындары Пиедмонт аймағында екі апта бойы жалғасады. Бірақ жергілікті тұрғындар өздерін ұлттық мереке рухында сезініп жүрген жоқ. Рим қаласында кезінде қырық жылдай нәпақасын тауып жүрген америкалық қарт журналист Кристофер Уиннер бұл көріністің сыры мынада дейді:
- Италияндықтар Қысқы Олимпиадаға кішкене болса да қызығады деп ойламаймын. Оларды дүр сілкіндіретін Олимпиада жұлдызы не болмаса бірнеше жұлдыз болса бір сәрі. Биыл ондайлар онша көрінетін емес.
Олимпида ойындарына бір миллион билет сатылса, өткен апта соңында олардың 60 пайызы ғана сатылыпты. Бұл 60 пайыздың жартысынан азы Италияның өз басында сатылған екен. Билеттердің аз сатылғаны маркетинг қателерінен шығар деп айтылады. Италия тумасы, Прага Халықаралық марафоны сияқты олимпиадалық дәрежедегі сайыстың ұйымдастырушысы Карло Капальбо ойын өткізуші елде Олимпиада ойындарына ұлттық қызығушылық болса ғана табыс келеді дейді:
- Бұл расында да солай шығар. Италияндықтар басында бұл Олимпиадаға Жазғы Олимпиадаға қарағанда көп қызыққан жоқ. Бәлкім бұл Турин қаласы тұрғындарының табиғатынан шығар. Олар көп сыр айтпайды.
Бұл мәселелер өз алдына, ал Олимпиада ойындарына солшыл белсенділер қарсылық танытуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Оларды «Кока-Кола» демеушілері қолдап, қақтығысқа баратын демонстрациялар жасалуы мүмкін делінеді. Италия терроризмге қарсы соғыста АҚШ бастаған бірлестікті қолдайды, сондықтан қауіпсіздік мәселесі Италияда қатты күшейтілді. Италия президенті Карло Адзельо Чиампи 7 ақпан күні ұлттық теледидарда мынандай үндеу айтты:
- Олимпиада ойындары Пидмонт аймағы мен Италия үшін аса маңызды. Бұл дамуымызды қайта бастай алатын мүмкіндігіміздің бар екенін көрсету үшін мүмкіндік беріп отыр. Мұны қолдан шығарып алмауымыз керек. Бұл барлығымыздың жауапкершілігімізге жатады.
Кейбір кәсіподақтар келісімдерді бұзып, ойын кезінде ереуіл жасауы мүмкін деп ескертілді. Дегенмен, Турин қаласы қазір құрмысқаның илеуіне ұқсап тұр. Жұма күні ойындардың ашылу салтанатында Олимпиада алауын Олимпиада чемпионы Альберто Томба жағады деп күтіліп отыр.