Accessibility links

Баспасөзге шолу. 02.18.2006 жыл


Сенбілік газеттерде жарияланған мақалалардың бірінде Қазақстанның имиджін жақсарту бойынша арнайы шаралар қолға алынбай, мемлекеттік бағдарламалардың қабылданбай отырғаны сөз болса, келесі бір басылымдарда Қазақстанның Орталық Азиядан адам саудасы құрбандарын тасымалдау өткелін айналып отырғаны мен түрме жүйесіндегі олқылықтар сөз болады.

«Қазақстанның мемлекеттік имиджін ойлайтын кез жетті» деп аталады «Айқын» газетінің сенбілік санында жарияланған мақала. Мақала авторы «Қазақстанның әлемдік аренадағы мемлекеттік имиджі – Байқоңыр, мұнай, тұрақтылық пен бейбітшілік мекені және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниежүзіндегі беделі сынды белгілерден құралады» деп есептейді. Алайда, газет тілшісі «Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары мемлекетіміздің имиджін толығымен қорғауға дайын емес. Оған жақында өткен президент сайлауының алдында АҚШ-тың МТВ телеарансында, еліміздің әлем алдындағы беделі мен имиджіне нұқсан келтіретін телебағдарлама шыққан кезде ондағы елшіліктердің ақпараттық тұрғыдан, ешбір шара жасамағанын мысалға келтіруге болады» дейді. Сонымен бірге автор Қазақстанда әлі күнге дейін елдің жағымды имиджін қалыптастыру бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленбегендігін де тілге тиек етеді. «Мысалы, 1990-шы жылы Араб Әмірліктері ел бюджетінің 5 пайызын мемлекеттің жағымды имиджін жасауға бөліпті», дейді «Айқын» газетінің тілшісі.

Ал бұл кезде Әділет министрінің орынбасары Серік Нұғыманов Қазақстан ауқымы әлемде Орталық Азиядан адам саудасы құрбандарын тасымалдау үшін пайдалананылып отырғанын айтады «Эксперсс К» газетіне. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда шетелдік азаматтардың қаналуымен қатар қазақстан азаматтарының да осы мақсатта шетелге шығарылу фактілері кездеседі. Алайда, оның сөзіне қарағанда адам саудасымен күресте заңдардағы кейбір олқылықтар кедергі келтіреді. Сол себептен, вице-министр заңдарға тиісті өзгерістер қажет деп есептейді. «Мысалы, Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясына трансплантацияға немесе басқа мақсатта пайдалану үшін адам мүшелері мен ұлпаларының заңсыз алынғаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін бапты енгізуді ұсынып отырмыз. Сонымен бірге адамды қанағаны үшін жауапкершілікті 7 жылдан 12 жылға арттырмақпыз», дейді Әділет министрінің орынбасары. Ол заңдарған тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін адам саудасымен байланысты қылмыстарды табу мен оны тексеру жеңілдеп, заңсыз мигранттардың жұмысын пайдалуға қатысты заң бұзушылықтар саны кемиді деп отыр.

Ал «Казахстанская правда» газеті Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген мәжілісінде заңсыз көші-қонға қарсы тұру тақырыбы талқыланғаны баяндалады. «Халықаралық тәжірибені ескере отырып, елде заңсыз жүрген азаматтарды қабылдау, қайтару және өткізу мәселесі сөз болды. Сондай-ақ ТМД елдерінен келетін заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру арқылы мәселені шешуі жолы зерттелетін болады», - деп жазады «Казахстанская правда» газеті.

Қазақстанда адам саудасы ғана емес, түрме жүйесі де өзекті тақырып ретінде қалып отырғанын «Эспресс К» газетінде жарияланған «Ұры түрмеде отыруы керек! Ал содан кейін ше?» деген сараптама материалды оқи отырып көз жеткізуге болады. «Қазақстан әлемде түрмеде отырғандар саны жағынан тізімнің басында тұрған елдер қатарынан алшақтап барады. Мәселен, бірнеше жыл бұрын ғана біз осы тізімде 3-ші орында тұрсақ, одан кейін бірден 16-шы, содан кейін 25-ші орынға жылжыдық. Бірақ бұл Қазақстанда жазасын өтеушілер содан кейін бұл жерлерге қайтып келмейтін түрме жүйесі бар деп айтуға келе ме?» дейді газет тілшісі. Оның айтуынша дүкеннен килә азық ұрлап қолға түскен бозбаланың түрмедегі көршілерінің 9-ы адам өлтіргіштер, кәнігі қанішерлер, қарақшылар болады. «Сол себептен, оның адами болмысын жоғалытып, тамырын кесуіп жіберуіне мүмкіндігі мол. Соңғы кезде түзеу мекемелерінде котрабанда тасқынымен өз-өзіне қол салғандар саны бірдей өсуі содан емес пе?»- дейді газет тілшісі. Соынмен бірге мақалада Әділет министрлігің басшылығы «ескі сталиндік түрмелердің орнына 2015-ші жылға дейін 10-15 батыстық үлгідегі түрмелер салуды жоспарлап отырғаны айтылған».

«Айқын» газеті келтірген деректерге қарағанда, «Семейдегі абақты бұдан 233 жыл бұрын, яғни, орыс патшайымы Екатерина 2-шінің тұсында салыныпты». Осыған орай Семей прокуратурасы Бас прокуратураға үш ұсыныс түсіріпті: «Кейінгі кездері мұнда бөлменің төбелері бірнеше мәрте құлады. Қабырғаларға сызаттар түсіп, камераларда ауа тазартылмайды, ылғалдық күшейген, изолятор санитарлық талаптарға мүлдем сәйкес келмей бара жатыр», деп көрсетілген прокуратура құжатында. Соған қарамастан, тергеу абақтысында 200-300 тұтқын тұрақты түрде отырып келді. Енде алдағы 2007-2008-ші жылдары Семейде халықаралық талаптарға сай жаңа тергеу изоляторының құрылысы басталмақ.
XS
SM
MD
LG