- Біз осында бізді қорғаған азаматтарды, мемлекет, қоғам дұрыс болсын деген азаматтарды қорғау үшін жиналдық. Сот қандай шешім шығарса да, біз оны оған тапсырма берген биліктің, президент Назарбаевтың тапсырмасы деп қабылдаймыз. Егер Назарбаев осы азаматтарымызды жазаға тартып, түрмеге тыққызатын болса, онда мына жасалған қылмысты жасыру үшін, халықты сыйламай, оған қыр көрсеткені деп ойлаймын. Егер айтқаным қате болса, сіздер де, «91 мырза» да кешірсін!
Ал саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ жиналған жұртты кетпей, осы күні сот алдында жауап беруі тиіс оппозициялық қайраткерлерге қолдау көрсетулерін өтінді:
- Бұлардың тактикасы бізге белгілі. Осында отырған азаматтар бірнеше рет әкімшілік соттан өттік. Басында айыппұл дейді, сонан кейін отырғызып қояды. Сондықтан, сіздердің болғандарыңыз өте маңызды! Бұл азаматтарды тастап кетпеуіміз керек.
Алайда, ол сөзін аяқтап үлгермеді аулада тұрған үлкен жүкі машинасы орнынан қозғалып, сот ауласына кіре берістегі қақпаның дәл ортасына тоқтады. Осыдан кейін Алматы қалалық және Әуезов аудандық прокуратура қызметкерлері «заңсыз митингі ұйымдастыруға болмайтындығын ескертіп, көпшіліктен тарқауды» сұрады. Бірақ ешкім орнынан қозғалған жоқ. Осыдан кейін қара киімді ішкі істер басқарамасының 50 шақты арнаулы топ қызметкерлері қаптап келіп, жиналып тұрған адамдарды күшпен қақпаның сыртына қарай шығара бастады. Қарсыласқандарды айғайлағандарына қарамастан, сүйреп шығарып жіберді.
Ақыры жиналған жұрттың басым бөлігі қақпаның сыртында қалды да, бұқаралық ақпарат құралдары және айыпталушылар мен куәгерлер, жалсы саны 50-ге жуық адам сот ғимаратына кіргізілді. Әйтседе, ең бірінші басталған Асылбек ҚОЖАХМЕТОВТІҢ сотынан «тәртіптілікті қамтамасыз ету мақсатында» деп судья журналистер мен бақылаушылар шығарып жіберді. Сот залынан күшпен шығарылғандар қатарынада экс-сенатор Зәуреш БАТТАЛОВА да бар. Ол сот процесі өрескел заңсыздықтармен өтуде дейді:
- Сотта негізгі заң нормалары сақталмай отыр. Адамдардың, оның ішінде сот процесіне қатысты адамдардың құқықтары тапталып, олардың заңды құқықтары орындалмай отыр. Мысалы, залдағы бәр адамды қуып шықты. Екіншіден, Қожахметов пен оның қорғаушысы бірнеше ходатайство берді, бірақ оның біреуі де судья орындаған жоқ.
Жалпы сейсенбі күні бірнеше оппозиционерлерге қарсы сот ісі қатар басталды. Бір бөлмеде Асылбек Қожахметовке қарсы сот ісі қаралса, екінші бөлмеде Маржан Аспандиярова қарсы сот мәжілісі өтуде. Ал саясаткер Болат ӘБІЛОВ өз кезегін күтіп тұр. Ол өзін айыптымын деп есептемейді:
- Ол митингі емес болатын. Еске алу жиыны еді. 5 мың адам жиналдық. Сондықтан, биліктің бүкіл істеген әрекеттері заңсыз!
Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұылы жексенбі күнгі заңсыз ден танылған жиынның басты ұйымдастырушысы менмін, ал бұл азаматтардың жазығы жоқ деп есептейді:
- Жексенбі күнгі жиын – еске алу. Оны ұйымдастырған менмін! Олар мені әзірге жауапқа тартып отырған жоқ, ал мен шақырған, менің шақырғаныма келген, менің өтінішммен оны ұйымдастыруға жәрдемдескен адамдарды жауапқа тартып отыр. Олар осы сәтті оппозициялық саясаткерлерге одан сайын қуғын-сүргін жасау үшін пайдаланып отыр! Одан басқаша айту мүмкін емес.
Алайда, Алматы қаласының Әуезов ауданы прокуроры Абай ХАДИЕВ жексенбі күні заңсыздықтар орын алды, енді соған қарсы шаралар қабылданып жатыр деді:
- Заң бәріне бірдей боулы тиіс! Бұл істің саяси астары бар деуге еш негіз жоқ деп ойлаймыз. Олар жексенбі күні рұқсат берілмеген митингіге шықты. Олар әкімшіліктен рұқсат алып, сосын жиынға шығу керек еді. Оларға Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» кинотеатры артындағы сквер берілді. Бірақ олар орталықта митингіге шыққандары үшін олардың ұйымдастырушылары әкімшілік жауапқа тартылып жатыр.
Ақпанның 28-і күні Гүлжан Ерғалиеваның ісі сырттай қаралып, оған 40 айлық есеп көрсеткіш көлемінде және Төлеген Жүкеев, Зәуреш Батталоваға әр түрлі көлемде айыппұл салынса, Әміржан Қосановты 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды.