Қазақстан президентінің көктемгі жолдауы туралы апталық басылымдар түрлі пікір білдіреді. Мысалы, «Азамат. kz» газеті бұл жолдауға жоғары баға бере отырып, Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына қосу туралы Президенттің пікірін арман емес, мақсат деп түйеді. Мақала авторының пікірінше, мәселен, былтырғы Жолдаудағы бәсекелестік қоғам құру идеясы ауыздан ауызға тарап, қазақ қоғамының өзіне тән белгісіне айналып үлгерген.
Ал «Новое поколение» газетінің хабарлауынша, Қазақстан элитасы бұл жолдаудың саяси бөлігін үлкен толқумен күтті. Олардың бірі саяси реформалардан үміттенсе, бәз біреулер елде соңғы апталарда қалыптасқан жағдай туралы айтылады деп дәме еткен. «Бірақ олардың ешқайсының да үміті ақталған жоқ», деп жазады «Новое поколение» газеті. «Президенттің айтқанын қорытындыласақ, елде айтарлықтай экономикалық өзгерістер болмақ. Ал саяси реформаларға келсек, олар эволюциялық, яғни, ұзақ жолмен жүрмек», деп аяқталады «Новое поколение» газетіндегі «Көктемгі шақыру» деген бас мақала. Осы газеттегі келесі мақалада Парламент депутаттары президент жолдауын оқыған кезде ду қол шапалақтап отырғанымен, дәлізде оны сынаушылар да табылғанын айтады. Мысалы, депутат Амангелді Таспихов Қазақстан ұлттық компанияларын «Самұрық» холдингі аясына біріктіру идеясы тиімсіз екендігіне тоқталып, оның көп шығындар әкелетіндігін тілге еткен. «Кейбір парламент мүшелері, мысалы, мемлекет басшысы неліктен Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі төңірегіндегі мәселелер жөнінде үнедемей, камералар мен диктофоннан қашқанын түсінбеді», деп жазады газет тілшісі.
Ал «Республика» басылымы «Рахат Мұхтарұлы мен Дариға Нұрсұлтанқызын айыптаушылар бір нәрсені естен шығарып алған - әрине, Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі мен Нұртай Әбіқаевтың құлдырауы оларға тиімді, бірақ бұл олар кінәлі дегенді білдірмейді», деп жазады. «Өйткені, одан да үлкен саяси дивидентті Нұрсұлтан Әбішұлы алып отыр емес пе: енді ол билікті өз балаларына бере алады, себебі, оқиғаның осылайша дамуына тоқсауыл қойып, демократиялық оппозиция мен билік элитасы арасында делдал бола алатын лидер қалған жоқ», деп қорытады газет шолушысы. Ал осы газеттегі «Айтақтауға берілген команда!» деген мақалада президенттің жолдауы сөз болады. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың наурыздағы жолдауы формасы бойынша да, мазмұны бойынша да ең нашар жолдау болды деп баға берілген. «Теледидардан президенттің елдегі ең жоғарғы өкілетті органға қалай қарайтыны көрініп тұрды: өз ауласына келгендей, 2006-шы жылы не істеу керек екенін оларға оқы да, міндетті қол шапалақтауды қабылдап кетіп қалды», деп жазылған «Редактор бағанында». «Жалпы алғанда, - деп жазады автор, - Президенттің наурыздағы жолдауы «саяси қайшылықтардың шешілмеуінен біздің мемлекетіміз бен саяси жүйенің терең дағдарыс алдында тұрғанын әшкере етті. Бұл дағдарыс одан сайын ушыға бермек, өйткені, билікті тапсыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Ал ол шешілмейінше тұрақты да гүлденген мемлекет туралы айтуға болмайды» деп аяқталады мақала.
«Айқын» мен «Экспресс К» газетінің сенбілік сандарында спорт саласындағы мәселелер сөз болады. «Экспресс К» газеті Олимпиадалық ойындарда жеңіске жету үшін спорт істері жөніндегі комитет Қазақстанда тек болашағы бар спорт түрлерін дамытуға мүдделі дейді. Қысқы отандық авангард спорт түрлеріне шаңғы жарысы, коньки мен шайбалы хоккей жатады. Ал биатлон, тау шаңғысы, фристайл мен трамплиннен секіру сияқты спорт түрлеріне аса ден қойып қажеті жоқ деп шешіпті комитет. Ал Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Ермұхамет Ертісбаевтің сөзіне қарағанда, Қазақстан спорт саласына құйылған қаржы жағынан ТМД елдері арасында бірінші орындардың біріне шыққан. Мысалы, Астанада баскетбол клубтарының басшылары ойыншылар мен жаттықтырушыларға 180 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жалақы тағайындалған.
«Айқын» газеті Қазақстан Туриндегі қысқы олимпиадаға 200 мың доллар тіккеніне қарамастан спортшылар төмен көрсеткішке жеткендігіне тоқталады. «Олимпиада қорытындысына тоқталсақ, Қазақстанның құрама командасы 26-орынға да іліге алмады. Кубаның патриоты әрі көсемі Фидель Кастро олимпиадада жүлдеге іліге алмаған спортшының еліне қайтуына тыйым салады екен. Қазынаның 35 миллион теңгесіне Туринге "қыдырып барып қайтқандар" мен ұйымдастырушыларына жаңа министр не дайындап отыр екен?» деген сауал қояды «Айқын» газеті.