Accessibility links

Югославияның бұрынғы диктатор басшысы халықаралық түрмеде қайтыс болды


Сенбі күні қайтыс болған, Балқан халқының жендеті деген атаққа ие болған бұрыңғы Югославияның жетекшісі С.Милошевичтің мәйітін халықаралық трибуналдың медициналық сот сараптамасынан өткізуге шешім қабылданды. 64 жастағы Милошевич сенбіде таңертең түрме бөлмесінде өлі халде табылған болатын. С.Милошевичтің жүрек дерті және қан қысымына ұшырағандығы белгілі еді. Халықаралық трибунал Милошевичтің өзіне қол жұмсамағандығын мәлімдеді.

Босниядағы Дейтон бейбітшілік келіссөздері кезінде қатысқан АҚШ-тық бұрыңғы дипломат Холбрук Милошевич жөнінде:

- Мен оны енді азаттыққа шыға алмас деп ойлаған едім. Ол 4 рет қантөгісті соғыс бастады. 300 мыңдай адамның өліміне себепші болды. 2,5 млн адам баспанасыз босып кетті. Міне, енді соның азабын шегіп, абақтыда қаза тапты, - деді.

БҰҰ соғыс қылмыстары бойынша прокуроры Карла дел Понте көзі тірісі кезінде Милошевичтен оның қылмыстық әрекеттерін мойындата алмағандығына өкініш білдірді.

– Өте өкінішті. Болар іс болды. Үш жылдан асқан сот үдерісінің нәтижесі алдағы жазға дейін анықталып қалатын еді. Бірақ, құрбандар үшін, аман қалғандардың, куәлардың әділ сот нәтижесінде қылмыскердің жаза алғандығын көре алмағандығы өкінішті-ақ, - деді прокурор.

Бірақ Милошевичтің отбасы оның өз өлімімен қайтыс болғандығына күмән келтіріп отыр. Ал халықаралық қауымдастық Милошевичтің өліміне емес, керісінше құрбандар үшін оның дер кезінде сот алдында жауап беріп, жаза тарта алмағандығына өкініп отырғандай.
XS
SM
MD
LG