64 жасар Милошевич жоғары қан қысымы мен жүрек дертінен жапа шегіп келген еді. Ресми орындардың хабарлауынша, аутопсия оның нақты неден қайтыс болғанын анықтауы тиіс.
Милошевичтің мәйіті БҰҰ-ның айыптыларды ұстау орталығынан Голландиялық Сот Медицина Институтына жекізілді. Осында жұмыс істеп жатқан патологтардың арнайы тобына Белградтан келген Сербиялық дәрігер маман да қосылып отыр. Бұл жөнінде БҰҰ трибуналының баспасөз хатшысы хабарлады. Ресми орындар бұрынғы Югославия Президенті Слободан Милошевичтің неден қайтыс болғанын анықтау ісі Ресейде өткізілсін деген ұсынысты қабыл алмады.
Голландиядағы баспасөз құралдары алғашқы белгілерге қарағанда Милошевич өз ажалынан өлді деп жазып отыр. Алайда, Милошевичтің отбасы мүшелері мен оны қолдаушылар Милошевичтің өліміне Бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық Қылмыстық Трибунал кінәлі деп отыр.
Милошевич заңгерлерінің бірі Зденко Томанович Милошевичті түрмеде улап өлтіру әрекеттері болған дейді.
"Милошевич отбасы мүшелерімен кеңескеннен кейін мен аутопцияның Гаагада емес Мәскеуде өткізілуін ресми түрде талап еткен едім. Милошевич мырзаның өзін түрмеде улау әрекеттері болғаны туралы айтқандары мұндай талапты қоюымның бір себебі болатын", - деді Милошевич заңгерлерінің бірі Зденко Томанович.
Өткен айда халықаралық трибуналдағы сот мүшелері Милошевичті Мәскеуге дәрігерлік тексеріске жіберу жөніндегі өтінішті қабыл алмаған болатын. Олар Милошевичтің Гаагадағы дәрігерлерден де тиесілі медициналық көмек алып отырғанын мәлімдеген тұғын.
Милошевичтің бауыры Борислав Слободанның өліміне орай жауапкершілік БҰҰ-ның трибуналы мен Белградтағы ресми қызметкерлердің мойнында деп мәлімдеді.
"Көңілімдегі қаяуды білдіре алмай тұрмын. Мен Слободанды өте жақсы көрген едім. Бүтін жауапкершілік осы трибуналдың мойнында. Сондай-ақ, жауапкершілік оны бес жыл бұрын сотқа берген Белградтағы ресми орындар мен жекелеген қызметкерлердің де мойнында. Мен айтар едім, ол жеңілмей кетті, және бұл біздің халық үшін өте маңызды", - деді Борислав Милошевич.
Бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық Қылмыстық Трибунал болса, қатарында Милошевич те бар өзіндегі барлық айыпталушыларға тиесілі қызмет пен жағдай жасалғанын мәлімдеп, бұл айыптауды кері қағып отыр.
Трибунал ресми қызметкерлері Милошевич өзіне өзі қол жұмсағанын көрсететін белгі де жоқ екенін хабарлады.