Алдын ала хабарларға қарағанда, бұл құжатта Иранға БҰҰ-ның Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігімен арадағы келіссөздерді одан әрмен жалғастыру қажеттігі жөнінде ескерту айтылмақ.
Кей Батыс ақпарат құралдарының қолына түскен құжат жобасының мәтініне қарағанда, Иранға келіссөздерге мойынсұнбаған жағдайда да қандай да бір шектеу шараларын қолдану жөнінде құжатта сөз жоқ көрінеді. Бұған керісінше, құжат Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігіне Иран бойынша жаңа есепті баяндама жасау мерзімі белгіленіп отыр. Бұл арқылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қажет болған жағдайда Иранға байланысты келіссөздерді одан әрмен жалғастыру мүмкіндігі туындамақ.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұл әрекеттері кей әлемдік жетекшілердің Иран мәселесін қызу талқылауымен қатар өтіп жатыр. Мәселен, Американ Президенті Джордж Буш өткен жұмада Вашингтонда бірқатар газет сарапшыларымен болған кездесуінде Иранға ядролық әрекеттерін тоқтату қажеттігі жөнінде нақты айтылуы керек деп мәлімдеді.
"Oлардың атомдық қаруға ие болу мүмкіндігіне келгенде бүтін әлем бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратынын Ирандықтар анық та, айқын көруі керек", - деді Американ Президенті.
Британ СİМ Джек Стро болса, Иран халқымен тікелей байланысу үшін Иранға таратылатын халықаралық хабарлар молая түсуі керек деп отыр.
Бұл екі арада, Иран келіссөздерге әлі де әзір екенін мәлімдеуде.
"Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі жетекшілігінің соңғы жиынында қалыптасқан жағдайға қарамастан, біз келіссөздерді жалғастырудың мүмкіндігі әлі де бар деп сенеміз. Келіссөздерге қатысы бар әр тараптың бұл мүмкіндікті пайдалануын талап етеміз", - деп мәлімдеді сенбі күні Иран мемлекеттік телеарнасынан сөйлеген сөзінде бұл елдің СİМ Манучер Моттаки.
Иран жетекшілігі халықаралық ядролық келісімдер аясында өздерінің ядролық бағдарламасын дамыту құқығынан ешқашан бас тартпайтынын мәлімдеумен келеді.