Ресей Президенті Владимир Путиннің Қытайға сапарын Американ Президенті Джордж Буштың наурыздың басында Үндістанға жасаған сапарына жауап ретінде ұйымдастырылған дипломатиялық қадам ретінде бағалауға болар.
Ресми Вашингтон мен Нью Дели арасындағы жаңа бауырластықты көріп отырған Путин Қытай астанасына сапары барысында Қытаймен арада дәл сондай байланыс бар екенін көрсетуге тырыспақ. Бұл жерде Ресейдегі демократиялық дамудың тежелуі себепті Ресей Президентінің Батыстағы беделі соңғы кездерде төмендей бастағанын да талдаушылар назарға алып отыр.
Сондай сарапшылардың бірі Гонконгтағы Сити Университетінің Қытай зерттеулері институтының жетекшісі Джозеф Чунг-тың пікірінше, Путиннің Қытай сапары бүгінгі күні түс беріп отырған күрделі халықаралық байланыстардың бір көрінісі.
Чунгтың сөзінше, әлемді Батыс-Шығыс етіп екі полюске бөлген баяғы заман келмеске кеткен қазіргі жағдайда әлемдегі алпауыт елдер, әсіресе Азия-Тынық мұхит аймағындағылары, стратегиялық әріптестік мәселесінде бар мүмкіндіктерді пайдалануға тырысып отыр.
"Қытай Ресеймен, ал Ресей Қытаймен байланыстарын дамытқысы келеді. Екі ел де бұл шараны Американың халықаралық саясаттағы біржақты үстемділігіне шектеу қоюдың бір амалы деп біледі", - дейді Чунг.
Оның сөзінше, Буштың Үндістан сапарының астарында да дәл осыған ұқсас геосаяси мақсат бар.
"Үндістан мен АҚШ та өзара байланыстарын дамытуға мүдделілік танытып отыр. Олардың мұндағы есебі Қытай, олар Қытайдың көтерілуі АҚШ-қа да, Үндістанға да қауіп-қатер тудырмайтынына көздерін жеткізгісі келеді, және сондықтан екіжақты байланыстарды дамытуға ерекше мүдделілік танытуда", - дейді Чунг.
Путиннің Қытай сапары барысында өзара сауда мәселесі ерекше орынға ие. Мәскеудегі Карнеги орталығының орынбасар жетекшісі Дмитрий Тренин бұл тұрғыда Ресей-Қытай экономикалық байланыстарының ерекше қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтеді.
"1990-шы жылдардың барысында Ресей-Қытай сауда айналымы бес-алты млрд. доллардың көлемінде болды, 2000-шы жылдардың басында күрт ілгерілеу болып, сауда айналымы 20 млрд. долларға жетті. Бүгінгі таңдағы мақсат бұл көрсеткішті одан әрмен көтеру, 60 млрд. долларға жеткізу боп отыр. Бұл өз кезегінде, Қытайды Ресейдің ең негізгі сауда әріптесіне айналдырар еді", - дейді Мәскеудегі Карнеги орталығының орынбасар жетекшісі Дмитрий Тренин.
Ресей мен Қытай жетекшілігінің Бейжіңде сөз етіп отырған мәселелерінің қатарында Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі де бар. Мәлім болғанындай, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері боп табылатын Ресей мен Қытай Иранның ядролық бағдарламасы мәселесінде ұқсас көзқарас ұстанып келді, екі ел де Иранға шектеу шараларын қолдануға қарсы. Бежіңдегі кездесу екі елдің Иранға қатысты саясат мәселесін тағы бір рет үйлестіру мүмкіндігін беріп отыр.
Орта Азия мәселесі де Ресей-Қытай келіссөздерінде ерекше әңгіме тақырыбы. Ресей де, Қытай да Американың Орта Азияда әскер ұстауы мәселесіне алаңдаулы. Екі ел де былтыр Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы аясында аймақтық қауіпсіздік форумын өткізуге белсенді түрде ат салысты, Өзбекістанның өз жеріндегі Американ әскери әуе бекеттерін жабуына қолқа салды.
Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан және Тәжікістанның басын қосып отырған аталмыш Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы үстіміздегі жылы маусым айында Бейжіңде жоғары дәрежелі кездесуін өткізгелі отыр.