Мерекелік сән-салтанатпен әшекейленіп, киіз үйлер мен үлкен сахна тігілген Алматының орталығындағы Тәуелсіздік алаңына сәрсенбі күні таңертеңнен қала тұрғындары мен қонақтар ағылып жинала бастады. Алайда, мерекелік той-думан шаралары осы жерге сағат тура 12-кезінде республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев келгеннен кейін ғана басталды. Жиналған жұртты ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған президент Назарбаев, өз сөзінде көнеден келе жатқан осы мейрамның мән-мағынасымен бірге Қазақстанның алдағы болашаққа деген жоспарын атап өтті.
«Наурыз мейрамы біздің тәуелсіздігімізбен бірге қайта оралды. Қазақстанның көпұлтты халқы Наурыз мейрамын достық, бауырластық, топтасқандық және азаматтық келісім жағдайында қарсылап отыр. Біз қазірде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды алдымызға міндет етіп қойып отырмыз. Осындай бастамалардың өзінен-ақ біздің мемлекеттің болашағы жарқын екенін аңғару қиын емес. Әлбетте, мұндай жетістіктерге тез арада жету үшін ел ішінде тыныштықты сақтап қана қоймай, бір-бірімізді қолдап, тыныштық пен өзара азаматтық келісімді нығайта түсуіміз қажет», - деді Н. Назарбаев.
Мемлект басшысының құттықтауынан кейін мерекелік шаралар да басталды. Алдымен ақ түйеге мініп, ақ қиім киінген ақ сақалды қария – Қызыр ата шығып, батасын берді. Бұдан соң жиналған қауым театрландырылған көріністерді тамашалады. Сонау сақ дәуірінен бастап, көне түркілер, қазақ хандығы заманын және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін бейнелейтін көріністер көпшіліктің назарына ұсынылды.
Шығыс халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да мейрамы саналатын Наурыз мерекесі, Кеңестік билік кезінде – 1926 жылы тиым салынғаннан кейін, халық бұл дәстүрден 60 жылдан астам уақыт қол үзіп қалған еді. Тек 1988 жылдан бастап қана Наурыз Қазақстанда қайтадан атап өтіле бастады. Ал оған дейін бұл дәстүрді қазақы салт-дәстүрді ұстанған ауылды жерлерде болмаса, қала тұғындары білмей өсті дейді, Алматы тұрғыны Людмила Төлешова.
«Мен өзім қалада өскендіктен, бұл мерекені білген де жоқпыз. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Наурызды жылда тойлап, оның қандай мейрам екенін біл бастадық», - деді қазірде Алматы қалалық білім департаментінде мектепке дейінгі тәрбие мен интернат мекемелері бөлімін басқаратын Людмила Төлешова.
Ал, Алматыдағы биылғы наурызды тамашалауға Қызылорда облысынан келген, жасы алпыстың үстіндегі Кәтіш Әсенова өзінің бала кезінде ауылда бұл мейрам қалай атап өтілгенін былайша еске алды:
«Жұрт баяғыда ән айтып, би билеп, балуан күрестіріп, ал қыздар мен бозбалалар бір-бірімен айтысып, алтыбақан құрып қарсы алушы еді. Ал үлкендер жағы құран бағыштап, аталарымыз тіпті былтырдан қалған қауын-қарбызды жарып, бізге беретіұғын - наурызға арнайы сақтаған дәм деп».
Кәтіш апа тәрізді жас үлкендерден қазіргі жастар бұл мейрамның көнеден келе-жатқан мән-маңызы жайлы біліп, осы мейрамда берілетін арнайы сусын – наурыз-көже дайындауды да меңгерген. Жылдағыдай биыл да жұртшылыққа наурыз-көже ұсынылды.
Мейрам күні Алматының орталық алаңына жиналған жұртқа наурыз-көжені сатып тұрған Толқынбек есімді жігіттің айтуынша, бұл сусынның құрамында 11 түрлі дәм түрі бар екен.
«Наурыздағы көктем тамағы саналатын бұл көже жылқы мен сиыр еті, күріш пен бидай, айран мен қатық және өзгедей де тағамдардан дайындалды», - деді Толқынбек.
Биылғы Наурыз мейрамы қызған тұста, сағат түскі бірдің шамасында Алматының аспанын қою бұлт торлап, жауын төгіп қоя берді. Мерекеге жиналған көпшіліктің арасынан қарттар жағы мұны жаратушының биылғы көктемге берген нұры санап, жақсы ырымға балап жатты.