АҚШ пен Еуропадағы Ауғанстан елшіліктері донорлық үкіметтердің осы іске байланысты алаңдаушылық білдіріп отырғандарын растады. Алаңдаушылық танытқан ең негізгі донорлық елдердің арасында АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Италия бар. Ал Австралия болса Ауғанстан үкіметін Исламнан бас тартып, Христиан дінін қабылдаған Абдұл Рахманға рақымдылық көрсетуге шақырды. 41-жастағы Абдұл Рахман Христиан дініне осыдан 15 жыл бұрын өткен екен.
Сәрсенбі күні АҚШ президенті Джордж Буш та осы іске байланысты алаңдаушылық білдірді:
“Біз азат еткен елдің басқа дінді таңдаған адамды жауапқа тартуы терең алаңдаушылық туындатып отыр”.
Ал Германия Ішкі істер министрі осы іске байланысты Ауғанстан үкіметі елді қайта құруға арналған көмек пен техникалық жәрдемнен айырылып қалуы мүмкін деп ескертті.
“Ауғанстан үкіметі мүмкін болғанша адам құқықтарын қорғауға міндетті, сонымен қатар ол діни еркіндікті сақтауға тиіс. Біз Ауғанстанды қайта құруға және оның тұрақтылығына көп үлес қосудамыз. Сондықтан Ауғанстанда діни бостандық сақталуы тиіс. Өз дінінен бас тартып, басқа дінді қабылдаған адамды жазалай алмайсыз”, - деді министр.
Германия Ауғанстандағы халықаралық бітімгерлік күштерінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар Германия Ауған полициясының жағдайын дамытуға арналған жобаларды жүзеге асыруда.
Ал Ауғанстан Экономика министрі Амин Фарханг егер донорлық елдер Ауған үкіметіне жәрдем бермесе, онда оның салдары Ауғанстаннан гөрі Батыс елдеріне жаман болады дейді.
“Менің ойымша, Батыс елдеріннің саясаткерлері, олардың ішінде Германия саясаткерлері бұл іске байланысты өте эмоциялық пікірлер білдіруде. Ондай болмау керек. Бұл іске қатысты ақпарат аз боп тұр. Дегенмен де, бұл мәселе толығымен шешілмеді және сот әлі шешімін шығармады, сондықтан олар қауіпсіздік күштерді шығарамыз немесе халықаралық көмек көрсетпейміз деп қорқытпаулары керек. Бұл нағыз арандату боп табылады,” - деді Фарханг.
Оның айтуынша, сот Шариат заңдарына сәйкес шешім шығаруға тиіс.